Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлаудың үгіт-насихат науқаны аяқталды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i76176-Иран_Ислам_Кеңесі_Мәжілісі_мен_Эксперттер_кеңесіне_сайлаудың_үгіт_насихат_науқаны_аяқталды
Бейсенбі сағат 08:00-де сайлауға 24 сағат қалғанда Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлаудың үгіт-насихат науқаны аяқталды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 29, 2024 20:55 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлаудың үгіт-насихат науқаны аяқталды

Бейсенбі сағат 08:00-де сайлауға 24 сағат қалғанда Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлаудың үгіт-насихат науқаны аяқталды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші сайлауы және Эксперттер кеңесінің алтыншы сайлауы ертең, жұма күні 1 наурызда өтеді. Үміткерлер Парламенттегі 290 орынға және Эксперттер кеңесіндегі 88 орынға таласады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі сайлауының үгіт-насихат науқаны 22 ақпанда, ал  Эксперттер кеңесі сайлауының үгіт-насихат науқаны 14 ақпанда басталды.

Осы аралықта Ислам Кеңесі Мәжілісіне 15200-ден аса үміткер, Эксперттер кеңесіне 144 үміткер тіркеліп, үгіт-насихат жүргізе бастады.

ИИР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, елде 61 172 298 адам дауыс бере алады.