Ирандық зерттеушілер "этилен оксиді" катализаторын өндірді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i76252-Ирандық_зерттеушілер_этилен_оксиді_катализаторын_өндірді
Ирандық зерттеушілер "этилен оксиді" катализаторын өндіріп, елді осы салада өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткізді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 03, 2024 21:27 Asia/Almaty
  • Ирандық зерттеушілер

Ирандық зерттеушілер "этилен оксиді" катализаторын өндіріп, елді осы салада өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткізді.

Катализаторлар мұнай-химия өнеркәсібінде стратегиялық маңызы бар өнімдердің қатарына жатады. Олар мұнай, газ және химия салаларында көп қолданылады. Этилен оксиді – мұнай-химия өнеркәсібінде ең маңызды катализатор. Ирандық зерттеушілердің арқасында бұл катализатор шетелдік баламалардың бағасымен салыстырғанда 1/3 есе арзанға өндірілді.

Бұл катализатордың мықты тұсы мынада: онда шетелдік баламалармен салыстырғанда күміс көлемі аз болғанымен, жоғары тиімділікке ие, сондықтан шетелдік үлгілермен бәсекелесе алады.