Иран Израильдің Моссад үшін жұмыс істейтін лаңкесті өлім жазасына кесті
(last modified Mon, 04 Mar 2024 12:43:25 GMT )
Нау 04, 2024 18:43 Asia/Almaty
  • Иран Израильдің Моссад үшін жұмыс істейтін лаңкесті өлім жазасына кесті

Иран Қорғаныс министрлігінің Исфахандағы шеберхана кешенін жаруды жоспарлаған Моссад агенті лаңкес өлім жазасына кесілді.

2023 жылдың 28 қаңтарында Иранның Қорғаныс министрлігі: "Иран Қорғаныс министрлігінің кешендерінің біріне микроқұстардың көмегімен сәтсіз шабуыл жасалды. Болжамдар мен қорғаныс шараларының арқасында дронның бірі кешеннің әуе шабуылына қарсы қорғанысы жүйесімен атып түсірілсе, екеуі қорғаныс қақпанына түсіп, жарылған.

Моссад

Иранның Исфахан қаласының бас судьясы Джафари осыған байланысты: "Осы сәтсіз шабуылдан кейін бұл Моссад агенті жалған куәлікпен Ираннан шығып, ақыры 13 күннен кейін сот жүйесінің ынтымақтастығы мен Иран қауіпсіздік күштерінің талпыныстарымен көршілес елдердің бірінде тұтқындалды",- деді.

Ақырында, соттың Израильдің Моссад агентін өлім жазасына кесу үкімі 2024 жылдың 3 наурызында орындалды.

 

 

Тегтер