Раиси: Ислам елдері басшыларының міндеті – мұсылмандар арасында бейбітшілікті нығайту
ИИР Президенті ислам елдерінің басшылары мен халқын қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, мұсылмандар арасындағы бейбітшілік пен бауырластықты жігерлендіріп, ілгерілетуді ислам елдері басшыларының міндеті деп санады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Рамазан айының келуімен ислам елдерінің басшылары мен халқына жолдаған құттықтауында: «Палестина мұсылман халқының күресінің жалғасуымен және Ислам әлемінің үздіксіз әрі байыпты қолдауымен Палестина, Құдс және Әл-Ақса мешіті Ислам әлемінің құшағына қайта оралады",- деді.
ИИР Президенті Ислам үмбетінің бауырластық байланыстарын нығайту және исламдық елдер арасындағы қарым-қатынастарды кеңейту Исламның әлемде беделі мен биікке көтерілуіне себеп болатынын қуаттап: "Мұсылман елдерін билеп-төстеушілердің езгілері мен қанауына, әсіресе қасиетті Палестина жерін 70 жылдан астам басып алып, қиянат жасаумен қатар, соңғы бірнеше айда 31 мыңнан астам жәбірленушіні, әсіресе жазықсыз балаларды өлтірген басып алушы сионистік режимге қарсы күресте үйлестіру мұсылмандардың, әсіресе жәбір көрген Палестина халқының барлық салада абыройы мен мақтанышына себеп болады",- деп мәлімдеді.
Бүгін сейсенбі Иранда қасиетті Рамазан айының бірінші күні.