АҚШ санкцияларына қарамастан Иранның мұнай мен газ өнімдерін экспорттау рекордтық көрсеткішке жетті
(last modified Sun, 24 Mar 2024 11:05:22 GMT )
Нау 24, 2024 17:05 Asia/Almaty
  • АҚШ  санкцияларына қарамастан Иранның мұнай мен газ өнімдерін экспорттау рекордтық көрсеткішке жетті

«Әл-Джазира» ақпарат агенттігі: «Иран мұнай және газ өнімдерін өндіру мен экспорттауда рекордтар жаңартып, АҚШ-тың санкцияларын дағдарысқа тіреді",- деп жазды.

Al Jazeera жаңалықтар сайты «Америка Иранның мұнай сатуына әсер ете алмады ма?» деген мақалада: "АҚШ-тың санкцияларына байланысты Иранның энергетикалық өнімдерін сату мүмкіндігіне қатысты кең тараған қайшылықтардың ортасында Иран үкіметі бұл санкцияларды еңсерудегі табыстарын қуаттады.

«Әл-Джазира» Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап: «Facts Global Energy» консалтингтік компаниясы ұсынған кемелерді қадағалау деректері мен нарық ақпаратын талдауға сәйкес, Иранның сұйық газ отынының экспорты 28 пайызға артып, 11 миллион тоннадан асты. Бұл компания Иранның сұйық газ отынының экспорты биылғы жылы 12 миллион тоннадан асады деп болжады.

 

Тегтер