Нау 27, 2024 16:47 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: ИИР Палестинаға қолдау көрсетуден тартынбайды

"Газа халқының тарихи шыдамдылығы Исламды шын құрметтеп, дұшпанның қалауына қарамастан Палестина мәселесін әлемнің бірінші мәселесіне айналдырған орасан зор құбылыс".

 

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сейсенбі күні ХАМАС ұйымының саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хание және онымен бірге келген делегациямен кездесіп, Палестина қарсыласу күштері мен Газа халқының теңдесі жоқ ұстанымына құрметтеп: «Батыстың толық қолдауымен жүзеге асырылып жатқан сионистік режимнің қылмыстары мен қатыгездіктеріне қарсы Газа халқының тарихи шыдамдылығы Исламды шын құрметтеп, дұшпанның қалауына қарамастан Палестина мәселесін әлемнің бірінші мәселесіне айналдырған орасан зор құбылыс»,- деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі осы кездесуде Газа халқының өлтірілуі мен осы аймақтағы геноцидтің әрбір саналы адамға әсер ететінін қуаттап: «Иран Ислам Республикасы Палестина ісі мен Газаның мазлұм және қарсыласу халқын қолдаудан тартынбайды»,- деді. Аятолла Хаменеи халықаралық қоғамдық пікірмен қатар ислам әлемінің, әсіресе араб әлемінің қоғамдық пікірінің Газа халқына қолдау көрсетуін маңызды деп бағалап: «Палестина қарсыласуының үгіт-насихат  және БАҚ шаралары осы уақытқа дейін сионистік дұшпанның алдында және өте жақсы және болды, осы салада көбірек әрекет ету керек»,- деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ сионистік режимнің қолынан шәһид болған Хамас жетекшілерінің бірі  Әл-Арури  рухына құрмет көрсетіп: «Шәһид  көрнекті тұлға болды. Шәһид болу – Алла Тағаланың жігері үшін берген сыйы болды»,- деп айтты.

Осы отырыста ХАМАС-тың саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хание де Иран Ислам Республикасы халқы мен үкіметінің Палестина мәселесі мен әсіресе Газа халқының қолдауына алғыс айтып, Газадағы соғыстың соңғы өрісі мен саяси оқиғалары туралы баяндама жасады: «Газа халқы мен қарсыласу күштерінің осы алты айдағы берік сенімінің арқасында үлгі боларлық сабырлық пен төзімділік сионистік дұшпанның Газа соғысындағы стратегиялық мақсаттарының ешқайсысына жете алмауына себеп болды»,- деп баса айтты. Хамас саяси кеңсесінің басшысы «Ақса дауылы» операциясының сионистік режимнің жеңілмейтіндігі туралы мифті жойғанына және   алты айдан кейін сионистік дұшпан ауыр шығынға ұшырап, осы режимнің мыңдаған әскері қаза тауып, жараланғанына тоқталып: «Газадағы соғыс дүниежүзілік соғыс және Американың басқарушы органы сионистік режимнің соғысына жетекшілік ететіндіктен сионистік қылмыстың басты сыбайласы болып табылады»,- деп мәлімдеді.

Исмаил Хание соңында Ислам революциясының жетекшісіне: «Газада болып жатқан барлық қатыгездік, қылмыстар мен геноцидтерге қарамастан, Газа халқы мен қарсыласу күштері табанды және сионистік дұшпанның өз мақсаттарына жетуіне мүмкіндік бермейді деп сендіремін»,- деді.

 

Тегтер