Иранда алғашқы Қадір түні өтті
(last modified Sat, 30 Mar 2024 12:40:39 GMT )
Нау 30, 2024 18:40 Asia/Almaty
  • Иранда алғашқы Қадір түні өтті

Исламдық Иранның түкпір-түкпіріде қасиетті Рамазан айының 19-на қараған түні мешіттер мен басқа да діни орындарда бірінші Қадір түні рәсімдері өтті.

Қасиетті Рамазан айының 19-ы таңында хауариждер тобынан Ибн Мулджам Моради әлем шиіттерінің бірінші имамы хазірет Әли (ғ.с.) таң намазын оқып жатқан кезде, хазіреттің үстіне улы қылышын көтерді. Хазірет Әли (ғ.с.) бұл соққының салдарынан екі күннен кейін қасиетті Рамазан айының 21-і күні шәһид болды.

Қасиетті Рамазан айының 19, 21, 23-ші түндері Қадір түні болып, мұсылмандар ояу болып, Құран оқып, дұға жасап, "Джоушан Кәбир" дұғасын оқиды,  Аллаға құлшылық етеді.

Қадір түні – жыл бойына ешбір түн оның қасиетіне жетпейтін, амалдары мың айдағы амалдардан қайырлы әрі  жылдың тағдыры белгіленетін түн.

Исламдық Иранның иманды халқы мешіттерге және басқа да діни орындарға, әсіресе Мешхедтегі әлем шиіттерінің 8-ші имамы Имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесіне, Құмдағы Джамкаран мешіті мен Хазірет Масуменің (ғ.с.) қасиетті кесенесіне жиналып, Қадір түні рәсімлеріне қатысады.