Раиси: Қылмыстық сионистік режим ешбір адами негізді ұстанбайды
ИИР Президенті: «Қылмыскер сионистік режимнің гуманитарлық және халықаралық қағидалардың ешқайсысын ұстанбайтыны баршаға дәлелденді",- деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сирия Президенті Башар Асад сейсенбі күні кешке ИИР Президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесіп, Дамаскіде сионистік қылмыстық режимнің Иран елшілігінің консулдық бөліміне жасаған лаңкестік әрекетінде генерал-майор Мұхаммад Реза Захеди мен оның бір топ жолдастарының шәһид болуына байланысты Иран үкіметі мен халқына және осы асыл шәһидтердің отбасыларына көңіл айтты.
ИИР Президенті Иран мен Сирияның сионистік режимді әрдайым қатерлі ісік деп санайтынын және аймақ пен әлемдегі қауіпсіздік, тыныштық пен тұрақтылықты бұзатынын қуаттап, осы режимнің қылмыстылығымен күресу үшін екі ел арасындағы аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті. Ол: "Кейбір араб елдерінің үрейінен туындаған әлсіз ұстаным ислам әлемінің сионистік режимге қарсы біртұтас позиция ұстануына кедергі келтіріп, бұл режимнің қылмыс жасауда арсыздық танытуына себеп болды",- деп мәлімдеді.
Башар Асад сондай-ақ осы сұхбатында: "Сионистік режимнің Иран Елшілігінің консулдық бөліміне лаңкестік әрекетінде бұрын-соңды болмаған қылмысы тек халықаралық заңдарды бұзу ғана емес, сонымен бірге бұл режимнің өрескелдігі мен моральдық құлдырауының биіктігін және Палестина, Ливан және Сириядағы агрессия мен қылмыстарды көрсетеді",- деп айтты.
Сирия президенті осы қылмысымен сионистік режимнің Газа секторындағы палестиналық исламдық қарсыласу тығырыққа тірелген қиын жағдайдан құтылуды көздеп отырғанын айтып, қарсыласу осін қолдау және қылмыскер сионистік режимді жазалау қажеттігін қуаттады.