Сақшылар корпусының қолбасшысы: Сионистік режим өзі құрған қақпаннан құтыла алмайды
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Сионистік режим қазір АҚШ-тың жасанды тыныс алу аппаратының арқасында тірі. Ол енді өзі құрған арандату қақпанынан құтыла алмайды",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Хұсейн Салами Дүниежүзілік Құдс күні Теһран университетінде өткен жұма намазына дейінгі құтпаларда: "Сионистік режим қазір АҚШ-тың жасанды тыныс алу аппаратының арқасында тірі. АҚШ-тың арнайы саяси-қауіпсіздік және психикалық күтім бөлмесінде тыныс алып жатыр. Батыстың осы жасанды тыныс алу аппараты істен шыққан кезде бұл режим өсімдік сипат өмірге көшіп, кейін өледі. Бұл алыс емес, жақын",-деді.
Сардар Салами:"Сионистік режим өзі құрған арандату қақпанынан құтыла алмайды. Ол қолжетімді қашықтықта. Не болатынын өзі де біледі. Біздің қасиетті жүйемізге қарсы жасалған кез келген дұшпандық әрекет жауапсыз қалмайтынын ескертеміз",-деді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Сионистік режим – Ұлыбританияның 75 жыл бұрын ислам үмбетінің бүйіріне сұққан улы қанжары. Содан кейін қылмыскер АҚШ бұл режимді Ислам әлеміндегі, Батыс Азиядағы саяси-қауіпсіздік және географиялық көпір ретінде нығайтып, өзінің отаршыл саясатын жүргізетін құрал ретінде пайдаланып отыр",-деді.
Сардар Салами: "1945 жылдан бері сионистік режимнің сансыз қылмыстары Палестинадағы мұсылман халықтың, Ислам және араб әлемінің басқа бөліктерінің тынышын алып, қауіпсіздігін бұзды",-деді.
Сардар Салами сионистік режимнің қылмыстарын АҚШ-тың Ислам әлеміне еккен қатерлі уы деп атап: "Саяси ақылы таяз АҚШ үкіметі тамыры жоқ режимді сақтап қалу үшін оның саяси-экономикалық және қауіпсіздік салаларына орасан зор қаражат бөліп отыр. Ал сионистік режим құлауға жақын",-деді.
Сардар Саламидың айтуынша, қазіргі таңда Вашингтон үкіметі сионистік режимнің қылмыстарын қолдап отырғандықтан әлем халықтарының жиіркенішін тудырып отыр, сионистік режимге қаржылай және логистикалық көмек көрсетіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің барлық қарарларына вето жариялауы салдарынан аймақ пен әлемде АҚШ-тың саяси-ақлақтық келбеті бұзылды.
Сардар Салами сионистік режимнің өмір мен өлім арасында арпалысып жатқанын, не істесе де, жеңіліс табатынын айтып: "Егер олар Палестинамен соғысты жалғастырса, Палестина халқының илаһи қарсыласуымен бетпе-бет келуге мәжбүр болады. Кері шегінсе де, жеңіліс табады",-деді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Газадан келіп жатқан мәліметтер былай дейді: "Бізде табанды қарсылықты жалғастыруға еш кедергі жоқ. Палестиналықтар бізге "Мықты болыңыздар!" дейді. Өйткені біз сионистік режимді Газада көмеміз. Сионистерде құтыларға жол жоқ. Олар соғыс пен өмірдің арасында біреуін таңдай алмайды. Тек тізе бүгулері керек",-деді.