Иран Палестинаны қолдап бірікті
Қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасы мен оған тұспа-тұс келген Дүниежүзілік Құдс күні исламдық Иранның әртүрлі қалаларының халқы бұрынғы жылдардағыдай көшелерге шығып, езілген Палестина халқын қолдайтындықтарын тағы бір мәрте көрсетті.
Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы Имам Хомейнидің (р.а.) бастамасымен қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасы әлемдегі азат адамдардың сионистік режимнің нәсілшілдік саясатына жиіркеніштерін білдіруі үшін Дүниежүзілік Құдс күні деп аталды.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарынан 33 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 75 мыңнан астамы жараланған.
Израиль режимі 1917 жылы британдық отаршылдықтың жобасымен және әртүрлі елдерден еврейлердің Палестина жеріне қоныс аударуы арқылы құрылды және оның бар екендігі 1948 жылы жарияланды. Содан бері палестиналықтарды геноцидке ұшырату үшін әртүрлі жаппай өлтіру жоспарлары жүзеге асырылды. және олардың бүкіл жерін басып алды.