Maм 06, 2024 21:16 Asia/Almaty
  • Қажылық кезінде Палестина халқын қырып-жойып жатқандар ашық түрде датталуы тиіс

Ислам революциясының жетекшісі имам Хаменеи бүгін, дүйсенбі қажылық сапарды ұйымдастырушылар және зияратшылардың бір тобымен кездесіп, Алланы еске алу және мұсылмандардың бірлігі мен өзара байланысын қажылық парыздың екі маңызды рухани-әлеуметтік қыры деп атап, Газа оқиғасы мен қанышер сионистік режимнің қылмыстарына тоқталып:

"Биылғы қажылықта Құран Кәрім аяттарының саясында хазірет Ибраһим(ғ.) еске алынып, қылмыскер дұшпандар мен олардың демеушілері басқа кезден көбірек датталуы тиіс",-деді.   

Ислам революциясының жетекшісі қажылықты рухани және материалдық деңгейде көпқырлы парыз деп атап: "Ішкі деңгейде Алланы жеке, ұлттық және әлеуметтік өмірдегі ерік-жігер мен шешім қабылдаулардың шынайы бастамасы ретінде еске алу – қажылықтың барлық кезеңдеріндегі айшықты белгі",-деді.

Имам Хаменеи осы салада зияратшыларға: "Қажылықта Қағбаны тәуіп ету, әл-Харам мешітін көру, Пайғамбар(с.ғ.с.) кесенесін зиярат етуге көңіл аударыңыздар. Әйтпесе базар мен түрлі тауарлар барлық жерде бар",-деді.

Имам Хаменеи қажылықтың әлеуметтік деңгейіндегі айшықты белгісін мұсылмандардың бірлігі және өзара байланысы деп атап: "Алланың белгілі бір мезгілде белгілі бір жерге адамдарды шақыруының философиясы – мұсылмандарды бір-бірімен таныстыру және пікір алмасып, ортақ шешім қабылдауына жағдай жасау. Қажылықта қабылданған шешімдер ислам әлеміне және жалпы адамзат баласына әсер етеді. Қазіргі таңда ислам әлемінде ортақ шешім қабылдау саласында үлкен бостық байқалады",-деді.

Ислам революциясы жетекшісінің қажылық сапарды ұйымдастырушылар және зияратшылардың бір тобымен кездесуіне қатысқан екі шиіт және сүннит діни қызметкер

Имам Хаменеи ұлттық, мазхабтық және тайпалық айырмашылықтарды шетке ысыруды бірліктің бастамасы деп атап: "Барлық діндер мен ұлт өкілдерінің және ислам дінін ұстанушылардың бір кейіпте бас қосуы – қажылықтың саяси-қоғамдық қырының айқын көрінісі",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі: "Әрине айырмашылықтар мен іріткі салатын мәселелерден аулақ болу тек қажылық кезіне ғана керек емес. Құранның көптеген аяттарында мұсылмандардың бірлігі мен тілеулестігі баса айтылған",-деді.

Ислам революциясы жетекшісінің қажылық сапарды ұйымдастырушылар және зияратшылардың бір тобымен кездесуі

Имам Хаменеи қажылық парызының хазірет Ибраһим(ғ.) атымен және оның тағылымдарымен тығыз байланысты болуы керегін айтып, Алла дініне дұшпандарды даттауды хазірет Ибраһимнің (ғ.) құнды тағылымдарының бірі деп атап: "Революцияның басынан-ақ дұшпандарды даттау (бараат) – қажылықтың бір тірегі. Бірақ Газадағы оқиғаларды ескере отырып, биылғы қажылық арнайы түрде бараат қажылығы болады. Газадағы жағдай Батыс өркениетінің қанышер келбетін бұрыннан бетер айқындай түсті",-деді.

Сионистік режимнің айуандық шабуылдары бір жағынан, жапа шеккен Газа халқының қарсыласуы екінші жағынан тарихта қалып, адамзатқа жол көрсетеді. Оның АҚШ-тағы және басқа елдердегі мұсылман емес қоғамдар мен университеттердегі таңғажайып және бұрын-соңды болмаған көріністері осы тарих жасау белгілерінің бірі болып табылады.

Имам Хаменеи ислам үмбетінің  қажылық кезінде Газа апатына қатысты міндетін түсіндіріп, Құранда айтылған хазірет Ибраһимнің (ғ.) өмірінен мысалдар келтіріп: "Хазірет Ибраһим(ғ.) мейірімді жүрекке ие пайғамбарлардың бірі болған. Бірақ ол залым дұшпандарды қатаң даттап, олармен жауласатынын тура айтқан",-деді.

Имам Хаменеи Құранда залым дұшпандармен достық толық теріске шығарылғаны айтылып, сионистік режимді мұсылмандармен жауластықтың толық үлгісі, ал АҚШ-ты осы режимге серіктес деп атады.

Егер АҚШ-тың көмегі болмаса, сионистік режимнің мұсылман халқына, әйелдер мен балаларға осыншалықты айуандық қатынас көрсетуге батылы, күш-қуаты жетер ме еді?

Ислам революциясының жетекшісі: "Мұсылмандарды өлтіріп, босытып жібергендер мен оларды қолдаушылардың екеуі де залым. Құран бойынша, егер біреу оларға достық қолын созса, ол да залымға айналып, Алланың қарғысына ұшырайды",-деді.

Ол ислам әлемінің қазіргі жағдайын ескеріп, хазірет Ибраһимнің(ғ.) қажылыққа қатынасын, яғни дұшпанды ашық түрде даттауды басқа кезден әлдеқайда көбірек қолдану керек екенін айтып: "Сол себепті ирандық және шетелдік зияратшылар Палестина халқын қолдауда құрани қисынды ислам әлеміне жеткізуі керек",-деді.   

Ислам революциясының жетекшісі: "ИИР біреуді күткен емес, күтпейді де. Бірақ ислам елдері мен халықтарының мықты қолы көмекке келмесе, Палестина халқының аянышты жағдайы жалғаса береді",-деді.

Имам Хаменеи сөзінің соңында Иранның қажылық ұйымы мен осы салада жұмыс істейтін басқа да органдардың қызметіне алғыс айтып: "Ирандық зияратшылардың жайлылығы үшін және қазіргі жағдай мен қалаған жағдай арасындағы алшақтық жойылатындай етіп қажылық сапарын ұйымдастыруларыңызды сұраймын",-деді.

Ислам революциясы жетекшісінің қажылық сапарды ұйымдастырушылар және зияратшылардың бір тобымен кездесуіне қатысқан әйелдер

 

Тегтер