Иран Президенті мен оның делегациясы мінген тікұшақ апатқа ұшырады
(last modified Sun, 19 May 2024 15:08:42 GMT )
Maм 19, 2024 21:08 Asia/Almaty
  • Иран Президенті мен оның делегациясы мінген тікұшақ апатқа ұшырады

ИИР Президенті мінген тікұшақ Иранның солтүстік-батысындағы Джульфа аймағында құлады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жауапты басшылар жариялағандай іздестіру-құтқару топтары оқиға орнына аттанды.

Ауа райының қолайсыздығы мен қалың тұман іздестіру-құтқару топтарының оқиға орнына жетуін қиындатып отыр.

Иранның Ішкі істер министрі Ахмади Вахиди ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында іздестіру-құтқару топтарының оқиға орнына әлі жетпегенін айтып: "Президенттің жанындағылармен байланыс орнатылды. Бірақ аймақтағы ауа райының қолайсыздығынан оқиға орнына жету қиын болып отыр",-деді.   

Иран Ішкі істер министрінің айтуынша, Мемлекет басшысы мен оның делегациясы бірнеше тікұшақпен іссапардан қайтып бара жатқан еді. Тікұшақтардың бірі ауа райының қолайсыздығына байланысты жерге қонуға мәжбүр болған. Іздестіру-құтқару топтары оқиға орнына бара жатыр.

Қосымша ақпараттар ресми ақпарат көздерінен алынғаннан кейін жарияланады.