Maм 22, 2024 17:50 Asia/Almaty
  • Ибрахим Раисидің ғылыми еңбектері мен жазбаларына шолу

Аятолла Раиси діни оқу орындарында білім алып, осы саланың академиялық жүйесінде жоғары мәртебеге ие болумен қатар, фиқһ және құқық салаларындағы университеттегі білімін докторантура деңгейіне дейін аяқтады.  

Сейед Ибрахим Раиси Құм семинариясында аятолла Марвиден фиқһ негіздерін, аятолла Мешкини мен аятолла Хазалиден Құран тәпсірі, аятолла Ахмад Бехештиден жүйе мен философияны, аятолла Мотахариден, «Наһдж әл-Балағаны» аятолла Нури Хамданиден және басқа да белгілі ғұламалардан дәрс алды. Сейед Ибрахим Раиси семинарияны аяқтамай тұрып, классикалық университет жүйесінде құқық магистратурасына түсуге мүмкіндік алды. 1380 жылы кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін Шәһид Мотахари жоғары мектебінің докторлық емтиханын тапсыру арқылы заң ғылымы және жеке құқық саласындағы оқуын жалғастырды.

Құқықтану және құқық саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтай отырып, ол сала бойынша ең жоғары дәрежелі дәрежеге (төртінші деңгей) қол жеткізіп, соңында «Құқықтану және құқықтағы принцип пен сыртқы көріністің қайшылығы» деген тақырыппен докторлық диссертациясын қорғады. Және өте жақсы деген бағамен Шәһид Мотахари жоғары мектебінде фиқһ және құқық ғылымдарының докторы дәрежесіне ие болды.

Өзінің негізгі мемлекеттік міндеттерінен басқа, Аятолла Махдави Кани мен Аятолла қажы Аға Моджтаби Теһранидің студенттермен білім беру қарым-қатынасын сақтау туралы бірнеше рет берген кеңесіне сәйкес,  Раиси Теһранның теологиялық оқу орындарында, соның ішінде Маджд, Амир әл-Мумининде,   Имам Хусейн (ғ.с.)  і және Марви медреселерінде  сабақ берді. Мешхедке кеткеннен кейін 2015 жылдың басынан Наваб жоғары медресесінде «Уақф фиқһы» пәнінен сабақ бере бастады.  .

Аятолла доктор Раиси Имам Садық университетінде (ғ.с.), Шәһид Мотахари жоғары медресесі және Ислам Азад университетінің магистратура және докторантурасында сот фиқһы, экономикалық құқық, фиқһ негіздері және азаматтық құқық бойынша арнайы курстардан сабақ берді.

 

Ғылыми дәрежесі

Құм семинариясының фикх саласында төртінші деңгейі       

Шәһид Мотахари жоғары медресесінде  құқықтану және құқық негіздері бойынша PhD докторы

Теһран семинариялары мен университеттерінде жоғары деңгейдегі фиқһ мәтіндері мен сот заңы және экономикалық заң ережелерін оқыту.

Басылып шыққан кітаптары

Құқықтану ережелері бойынша дәрістер кітабы (сот бөлімі)

Фиқһ ережелері бойынша дәрістер кітабы (экономикалық бөлім)      

Фиқһ үкімдерін түсіндіру кітабы (діни бөлім)     

Құқықтану және құқықтағы мұрагерлік     

Құқықтану және құқықтағы принцип пен сыртқы түрдің қайшылығы     

Уақыф құқығы 

Кейбір ғылыми баяндамалары

Жауапкершіліктің көптеген себептері     

Сыбайластық және оның түрлері  

Тиімді басқару

Сот және экономикалық шешімдердің өзара ықпалы      

Исламдағы қадағалау мен тексерудің орны     

Әділдік және оның өмір салтына әсері     

және университеттер мен ғылыми орталықтарда экономикалық, басқарушылық, әлеуметтік және құқықтық салаларда ондаған ғылыми дәрістер және елдің министрліктері мен ұйымдарының мамандандырылған семинарларында сөйлеген сөздері.

Халықаралық конференциялардағы сөздері

Африкадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саммит

Аргентинада ұйымдасқан қылмыспен күресуге арналған саммит     

Әкімшілік денсаулық саммиті, Сочи, Ресей     

Пәкістандағы адам құқықтары жөніндегі саммит     

Ашураның әлеуметтік өзгерістердегі рөліне арналған саммит – Стамбул, Түркия     

Конституцияның адам құқықтарын қорғаудағы салдары туралы конференция - Нигерия     

Сыбайлас жемқорлықпен күресудегі халықаралық ынтымақтастық саммиті – Қытай     

Филиппиндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саммит және Азия бас инспекторының орынбасары болып тағайындалу     

және шет мемлекеттердің ресми өкілдерінің қатысуымен ондаған басқа мамандандырылған кездесулер

Ғылыми орталықтар құру белсенділігі

Теһрандағы Фатима Әл-Заһра қыздар семинариясының негізін қалаушы   

Құм семинариясының бақылауындағы Имам Хади (ғ.с.) мамандандырылған шииттану орталығының негізін қалаушы.

     

 

 

 

Тегтер