Имам Хаменеи: Армениямен қарым-қатынасты кеңейту саясаты жалғасуда
(last modified Wed, 22 May 2024 12:09:42 GMT )
Maм 22, 2024 18:09 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи: Армениямен қарым-қатынасты кеңейту саясаты жалғасуда

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян бүгін, сәрсенбі түске дейін Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінде Армения халқы мен үкіметі тарапынан көңіл айтты.

 

Имам Хаменеи осы кездесуде Армения премьер-министрінің жанашырлығын жоғары бағалай отырып, Иран мен Арменияның тарихи-географиялық ортақтығы мен мүдделерінің ортақтығына тоқталып: «ИИР-ның Армениямен қарым-қатынастарын кеңейту саясаты Мохбер мырзаның басшылығымен жалғасады",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі Армения Премьер-министрінің екі ел арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық сипатына баса назар аударуына тоқталып: «Ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударуым қарым-қатынастардың стратегиялық сипатына сілтеме жасайды. Бірақ маңыздысы, Иран мен Арменияның қарым-қатынасында қарсыластар бар және осы негізде екі елге қатысты мәселелер мұқият қаралуы керек",- деп айтты.

Имам Хаменеи:  "Біздің марқұм президентіміз Арменияға қатысты шекара мәселелеріне және осы мәселеге қатысты оқиғаларға өте сезімтал болды, және бұл сезімталдық пен қамқорлық әлі де  ескерілуі керек және біз өз мүдделерімізді қамтамасыз ете алуымыз керек",- деп мәлімдеді.

Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян да осы кездесуде: «Біз Иран Президенті мен Сыртқы істер министрі мен оның серіктерінің әуе апатында қайтыс болғаны туралы хабарды естігенде қатты таң қалдық және есеңгіреп қалдық, бірақ сіз айтқандай, сіздің басшылығыңызбен Иранның ішкі істерінде ешқандай кедергі болмайтынына сенімдіміз",- деді.

 

Тегтер