Maм 26, 2024 16:27 Asia/Almaty
  • Раушан гүлі мен суы: Ирандағы гүлден су алу үдерісіне шолу

Раушан гүлінен су алу рәсімі Иран мәдениетінде терең тамыр жайған. Жыл сайын Иранның мұхаммади/раушан гүлін өсіретін 14 облысында гүл теру және одан су алу рәсімі өтеді. Фарс облысының Кашан мен Мейманд аудандарында раушан гүлдерін жинау және одан су алу рәсімі көктем кезінде Иранның ең маңызды туристік тартымдылықтарының біріне айналған.

Бұл рәсім ордибехешт айының басынан хордад айының соңына дейін (сәуір-мамыр айлары, ауа райы жағдайына байланысты) өтеді. Иранның іші мен сыртынан мыңдаған турист осы рәсімді көруге барады.

Ирандық әйелдің раушан гүлдерін терген сәті

Мұхаммади гүлі (Persian Rose) – атауы Иранмен тығыз байланысты гүлдердің бірі. Мұхаммади гүлі Иранда егіліп жатқанына ғасырлар болды. Ордибехешт айында оның қызғылт түсі алқаптар мен жылыжайларды түрлендіріп жібереді.

Мұхаммади гүлі (Persian Rose)

Қазіргі таңда Кашан қаласы әлемнің гүлден су алу полюсі саналады. Кашанның Қомсар мен Ниасар округтарында гүл суын алатын шеберханалар көп орналасқан. Кашан ауданындағы Қомсар, Ниасар, Джушқан пен Барзак округтерінде 15 мың тоннадан аса ауыр гүл суы өндіріледі. Оның басым бөлігі басқа елдерге экспортталады.

Мұхаммади гүлінен су алу үдерісі

Фарс облысының Кашан мен Мейманд аудандарындағы ауылдардың әйелдері мен еркектері бақтар мен алқаптарға барып, Мұхаммади гүлін тереді. Көбіне гүл жинау науқаны таң сәріде, күн ысығанға дейін жүргізіледі.

Ирандағы гүл теру рәсімі

Гүл теру барысында жүздеген гүл тәжі жасалады. Балалар күліп-ойнап, гүл тәжін бастарына тағады.

Гүл тәжін таққан бала

Иранның кейбір ауылдарында гүл теру кезінде Мұхаммади гүлін қалыңдықтың үстіне шашып, бақыт тілейді.

Қалыңдықтың үстіне Мұхаммади гүлін шашу рәсімі

Гүлге аунау – гүл жинау барысында орындалатын рәсімдердің бірі.

Гүлге аунау рәсімі

 

Гүлге аунау рәсімінде бала, әдетте бір жасқа толмаған сәби гүл төгілген жерге жатқызылады. Оған жақсы да тыныш өмір тіленеді.
Гүл – махаббатты білдіруге берілген әдемі сыйлық.
Гүл теру – әйел мен ер адамның, кәрі мен жастың бір-біріне махаббаттарын білдіруіне берілген мұрсат.
Терілген гүлдер себеттерге немесе үлкен қаптарға салынады.
Гүлдерді себеттерге жинау барысы
Мұхаммади гүлдерінің мыс қазандарға салынған сәті
Сапалы су алыну үшін жиналған гүлдер тазартылады.
Сапалы ирандық гүл суы    

Сапалы су алыну үшін жиналған гүлдер тазартылады.

Мұхаммади гүлі үлкен мыс қазандарға салынады. Дистилляция арқылы олар таза ирандық раушан суына айналады.

Дәстүрлі тәсілмен гүл суын алу үшін алдымен мыс қазанның астына от жағылады. 30 кг гүл қазанға салынады. Содан соң оған 80 литр су құйылады. Қазанның бетіне мыс қақпақ жабылады. Будан пайда болатын қысымды бақылау үшін қақпақтың үстіне кіртас қойылады. Ақырында гүлдің қалдығы мен ұннан тұратын қоспамен мыс қақпақ пен қазан арасы толтырылады. 

Тегтер