Ираннан және шиіттерден үркіту өтіріктен басқа ештеңе емес
Иранның Уқаф және қайырымдылық ұйымының басшысы: «Ираннан және шиіттерден үркіту өтіріктен басқа ештеңе емес»,- деді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Уқаф және қайырымдылық ұйымының басшысы Әли Мұхаммади сейсенбі күні Теһранда Халықаралық Құран Кәрім жарыстарының 33-ші кезеңінің ашылу рәсімінде: «Шәһидтердің қаны және Ислам революциясы жетекшісінің қырағылығының арқасында исламдық Иранда үлгі боларлық қауіпсіздік қалыптасты»,- деді. Иранның Уқаф және қайырымдылық ұйымының басшысы сонымен бірге әлемдік үстемшілдердің, әсіресе АҚШ-тың өтіріктеріне тоқталып: «Олар кейде Иран халқын шабуыл жасау және санкциялар салумен қорқытады. Алайда олардың мұндай ұстанымды күн тәртібіндегі мәселе етіп қойған болса, Иран халқының да жауап қайтаратын мыңдаған варианты бар»,- деп мәлімдеді.
Халықаралық Құран Кәрім халықаралық жарысының 33-ші кезеңі 11-ші мамырда басталып, Құранды толығымен жатқа білу және қырағат ету бөлімдерінде өтіп, сейсенбі күні жеңімпаздарды анықтаумен аяқталды.