Имам Хомейни(р): Біз кедейлерге қарайласуымыз керек
Имам Хомейнидің(р) көзқарасынша, төменгі таптың құқығына көңіл аудару – Алланың құқығына мән беру. Исламда кедейлерге қарайласу керек делінген.
Имам Хомейнидің(р) қайтыс болған күнінің жылдығына орай, осы қысқа мақалада біз имам Хомейнидің әділеттің маңыздылығы мен мақрұм қалған адамдарға көңіл аудару туралы көзқарасына шолу жасаймыз.
Танымал ирандық зерттеуші Эмад Афруқ (1336-1402) былай дейді:
Имам Хомейнидің (р) әділет туралы ойлары Ислам пайғамбарының орынбасары әрі шиіттердің бірінші имамы хазірет Әлидің (ғ.) көзқарасына сәйкес келеді.
Имам Әлидің (ғ.) көзқарасы – теңдік пен лайықтылықтың жиынтығы. Ол қоғамда шынайылық болуы керек деп есептеген. Бірақ екінші жағынан ол біреудің ісі мен талпынысын басқа біреуге жазбау керек деп санайды.
Имам Хомейнидің (р.) көзқарасын капиталистік және қауымдық жүйелермен салыстырған кезде имамның капиталистік жүйені жоққа шығарғаны және социалистік саясатқа екі себеппен қарсы болғанын көруге болады.
Біріншіден ол мемлекеттік капитализмге, ал екіншіден жеке меншік құқығына қарсы болды. Имам Хомейнидің капиталистік жүйеге қарсылығы жеке меншік түсінігі үшін емес, керісінше капиталдың барлығында үстемдік ететініне байланысты болып отыр.
Имам Хомейнидің(р.) мақрұм қалғандарға көзқарасы тек саяси немесе экономикалық көзқарасқа емес, түбегейлі принципке негізделген. Ол діни көзқарасқа ие болған.
Имам Хомейнидің(р.) көзқарасынша, төменгі таптың құқықтарына назар аудару – Алланың құқықтарына мән беру. Имамның айтуынша, исламда кедейлерге қарайласу керек делінген. Мақрұм қалғандарға конструктивті қатынас көрсетілуі тиіс. Имамның айтуынша, ислам да мақрұм қалғандарға қарайласудан басталады.
Имам Хомейнидің(р.) айтуынша, әртүрлі топтар төменгі таптарды қыспай, кедейлер мен мұқтаж жандардың құқықтарын қамтамасыз етуі керек.
Имам Хомейнидің көзқарасынша, Ислам республикасындағы халық сотқа жүгініп, мұқтаж жандарға зұлымдық жасалуына қарсы тұруы керек.
Имамның айтуынша, жоқшылықты жою – біздің міндетіміз. Егер біреу шынымен америкалық езгіге қарсы күресуді қаласа, ол кедейлікті жоюға бет бұруы керек.
Дереккөз: «Масирде» қарастырылған имам Хомейнидің (р.) әділет мәселесіне көзқарасы. 1399. Mehr ақпарат агенттігі. "Масир" телебағдарламасы. 38-бөлім.