Ей, шәһидтер, тұрыңдар!
(last modified Mon, 10 Jun 2024 16:10:33 GMT )
Маусым 10, 2024 22:10 Asia/Almaty
  • Ей, шәһидтер, тұрыңдар!

Иран Ислам революциясына қатысты поэзияның атасы жайлы не білесіздер?

Хамид Сабзевари – Ислам революциясынан кейінгі өзіндің стилі бар үздік ақындардың бірі. Ол ондаған жылдар бойы өз еңбектерінде Иран Ислам революциясының идеалдары мен ойларын жырлады.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның қазіргі заман ақыны "Хамид Сабзевари" деген атпен танымал Хұсейн аға Мұмтахани 1304 жылы Сабзевар қаласында дүниеге келген. Әкесі Абдулуахаб қарапайым қолөнерші болған. Ақындыққа бейімі бар әкесі баласына поэзияның принциптерін үйреткен. Хұсейн аға Мұмтахани мектепке бармас бұрын үйінде анасынан Құран аяттарын үйренген. Ол 14 жасында өлең жаза бастап, оларды "Фариаднама" (Жанайқай) деген дәптерге жинаған. Хамид Сабзевариге "революциялық ақын" немесе "Ислам революциясына қатысты өлеңдердің атасы" деген лақап берілген. Ол 1395 жылы 22 хордадта қайтыс болып, туған жерінде (Сабзевар)  жерленді.

Хамид Сабзевари жастық шағында  

Реза шахтың диктатурасы

Хамид Сабзеваридің балалық және жастық шағы Реза шах Пехлевидің заманында өткен. Бұл кезеңнің дамуы оның рухына әсер етті. Ол жастық шағында әртүрлі саяси партиялар мен топтарға қызығып, олардың ой-пікірлерімен танысқан.

Сабзеваридің жас кезіндегі өлеңдерінде саяси-әлеуметтік тақырыптар қозғалған. Өйткені ол  1320 жылы шахриварда одақтас күштердің Иранды басып алғаннан кейінгі жылдардағы оқиғалардан әсер алған.  

Сабзевари 1331 жылы Білім және тәрбие басқармасына қызметке алынып, мұғалімдікпен айналысты. Ол сол жылы үйленген. Бір жылдан кейін 1332 жылы 28 мордадта доктор Мұхаммед Моссадықтың заңды үкіметіне қарсы америкалық төңкеріс орын алып, Хамид Сабзевари үшін қиындықтар туындап, оны төңкерісшілер іздестірген. Ол біраз уақыт Эсфераинде жасырын өмір сүрген. 1332 жылы мордадта болған оқиғалар оның Білім мен тәрбие министрлігіндегі қызметтен босатылуына себеп болды.

Сабзевари 1357 жылы Теһранға барып, әдеби қауымдастықтардың шараларына қатысқан. Біраз өткеннен кейін 22 бахманда Пехлеви үкіметі құлады.

Хамид Сабзеваридің Ислам революциясы жетекшісінің алдында өлең оқуы

Ислам революциясына қатысты өлеңдердің атасы

Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін Хамид Сабзеваридің ең маңызды белсенділігі өлең шығару болған. Оның өлеңдері "Революцияның туу туралы куәлігі" деп аталды. Өйткені оның поэзиясында көрініс таппаған революциядан кейін орын алған оқиғалар кемде-кем.

Революция жеңіске жеткеннен кейін Сабзевари бар күш-қуатын Ислам революциясының идеялары мен идеалдарын және мәдени-көркем өнерді насихаттауға жұмсады. Ол Иран телерадиосына барып, осы ұйымның Поэзия кеңесінің мүшесі болды.

Сабзеваридің ең танымал өлеңдерінің бірі – «Америка, Америка, сенің айлаң масқара» атты революциялық ән. Бұл ән мәтінінің бір бөлігі төмендегідей:

Америка, Америка, сенің айлаң масқара

Біздің жастарымыздың қаны сенің саусақтарыңнан тамып тұр.

О, зұлымдық, сенің жалының дүниені шарпыды

Әлемнің қауіпсіздігін бір сәтте бұзды.

Сенде зорлық пен қанаушылық бар, мейірім мен адалдық жоқ.

Ешқашан сен сияқты жәбірлеуші болмаған.

 

Сабзеваридің Ислам революциясына қатысты алғашқы өлеңдері "Хомейни, ей, имам!" және "Тұрыңдар, ей, Құдай жолындағы шәһидтер" әндері болды. Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни Иранға келген кезде  оны қарсы алу рәсімінде осы әндер айтылды.

Хамид Сабзевари – Ислам революциясына қатысты өлеңдердің атасы

Туындылар мен марапаттар

Хамид Сабзевари 1371 жылы әдебиет саласында бірінші өнер дәрежесін алды. Ол 1393 жылы Иран Ислам Республикасы үкіметінен «Мәдениет және өнер саласындағы жиһадшы» құрмет медалін алды. Бұл революцияшыл ақын 1382 жылы Мәдениет және исламдық бағдар министрлігі тарапынан "көрнекті тұлға" ретінде таныстырылды.

Хамид Сабзевари «Дерт әні», «Таң әні», «Басқа ән», «Сен романтикалық саяхат жаса», «Қоңыраудың үні» атты көптеген поэзиялық дәптер қалдырды. 1375 жылы «Дерт әні» Иранда "Жыл кітабы" деп танылды.

Хамид Сабзевари мен оның жұбайы

 

Тегтер