Маусым 15, 2024 17:23 Asia/Almaty
  • Иран бірнеше жер серігін ұшыруды жоспарлап отыр

Иран Ғарыш ұйымының басшысы Теһранның биылғы күн жылы бірнеше жер серігін ұшыру туралы шешімін жариялады.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Хасан Саларие Иранның биылғы жылы жер серігін ұшыру бойынша бірнеше жоспары бар екенін жариялап: " Иран Ислам Республикасы 13-ші үкімет құрамында және өзінің шәһид президентінің ерік-жігері мен табандылығымен ғарыш саласында маңызды жетістіктерге қол жеткізді",- деді. Салариенің мәліметінше, ИИР соңғы 3 жылда 12 ұшыруды жүзеге асырды, оның 10-ы жергілікті және 2-і халықаралық ұшырылымдар. Сонымен қатар, Иран Ғарыш ұйымы басшысының мәлімдемесімен Иран 13-ші үкіметтің  соңына дейін ол екі ғарыштық ұшыруды жүзеге асырады, бірінші ұшыруда зерттеу жерсерігі үлгісін және екінші ұшыруда орбиталық тасымалдау блогын алып жүреді және оның орбиталық сынағы осы ұшыруда жасалады.

Ғарыштық циклі бар елдердің ішінде 6 мемлекет, соның ішінде Иран ғарышқа тірі ағзаларды ұшыруда жетістікке жетті, ал спутниктік тасымалдаушылар саласында тек 12 елдің спутниктік тасымалдаушыларды жобалау, жасау және ұшыру мүмкіндігі бар. Иран Ислам Республикасы – әлемдегі осы 12 елдің бірі.

Тегтер