Маусым 16, 2024 17:16 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи ғылыми олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесуінде: Сіздерді еліміздің зор байлығы санаймын

Ислам революциясының жетекшісі имам Хаменеи сенбі күні түсте оқушылар мен студенттер арасында елде және шет елдерде өткен ғылыми олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесуінде дарынды жастарды терең әрі шынайы үміттің негізі деп атап: "Елге бір ғылыми серпін керек. Дарынды жастар – осы ұлттық қажеттілікті қамтамасыз ететін басты ресурс",-деді.

Имам Хаменеи жалындап тұрған дарынды жастармен кездесуді қуантатын оқиға деп атап: "Жастар мен олардың жастық жалынына толық сенемін. Сіздерді еліміздің зор байлығы санаймын. Бұл сіздердің құрмет медальдарыңыздан әлдеқайда қымбат",-деді.

Имам Хаменеи елде және тарихта өзгеру қабілеті және 100 пайыз жайлы орта қалыптастыруды дарынды жастардың ең маңызды әлеуеттері деп атап: "Адам ресурсы саясаткерлер мен ғалымдар деген мағынада емес, интеллектуалдық-моральдық және рухани ресурстар мағынасында Иранды тарихтың кейбір кезеңдерінде үлгі боларлық даңқ пен ұлылыққа жеткізді",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Англия мен АҚШ саясатының Иранда 200 жылға жуық үстемдік еткенін айтып: "Сол уақытта мәдениетіміз бен ғылыми дамуымыз тоқырады. Саяси тұрғыдан олар Иранды төменгі сатыда ұстады. Бірақ негізінен жас кадрларға сүйенген революция бұл жүйені бұзып, саяси, ғылыми, технологиялық, әлеуметтік этика және басқа да салаларда серпіліс жасады",-деді.

Имам Хаменеи әртүрлі мәселелердің шешімін табу үшін дарынды жастарды консенсус пен ынтымақтастыққа шақырып: "Жарыстарда медаль алу мен қабылдау емтиханында жоғары балл алу дарындар жолының басы ғана. Дарындар жолын ғылым мен техника салаларындағы интеллектуалдық және практикалық шығармашылықпен және этиканы кеңейтумен жалғастыру керек. Әрине бұл салада тиісті мекемелердің де міндеті бар. Олар тиісті жағдай жасап, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуі керек",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Иранның саяси тәуелсіздігін нақты факт деп атап: "ИИР-дің әлемдегі маңызды мәселелерге қатысты қисынды да құлақ асуға тұрарлық ұстанымы бар. Оны тіпті қарсыластарымыз да ескереді",-деді.

Осы кездесудің соңында олимпиада жеңімпаздары өз медальдарын Ислам революциясының жетекшісіне сыйлады. Имам Хаменеи бұған алғыс айтып: "Балаларым, сіздерден медальдарды қабылдаймын. Бірақ бұлар өздеріңмен бірге болуы керек деп ойлаймын. Сондықтан мақтаныш сезімін тудыратын медальдарды өздеріңе қайтарып беремін",-деді.

Осы кездесуде оқушылар мен студенттер деңгейіндегі 8  олимпиада жеңімпазы дарындылардың белсендігіне қатысты мәселелер туралы өз пікірлерін білдірді. Ислам революциясының жетекшісі тиісті органдарға осы мәселелерге қатысты тексеріс жүргізуді тапсырды.

Осы кездесуге дейін дарынды жастар Ислам революциясының жетекшісімен бірге түскі намаз оқыды.

Ислам революциясының жетекшісі дарынды жастармен намаз оқыды.  

 

Тегтер