Маусым 16, 2024 19:12 Asia/Almaty
  • Университеттерге қатысты жаңалықтарға шолу

Әлемдені ең көп сілтеме жасалған университеттер арасында Иран 14-ші орында. Шетелдік студенттерді қабылдау басталды.

Ғылымның негізгі көрсеткіштері базасының (ESI) мәліметтеріне сәйкес, 134 университет және ғылыми зерттеу орталығына ие Иран әлемде ең көп сілтеме жасалған университеттер арасында 14-ші орынға ие.

Ирандық ұстаздың кітабының Springer баспасында жарық көруі, әлемде ең көп сілтеме жасалған университеттер арасында Иранның 14-ші орын алуы, Ирандық технологтардың трансформатор тоғын қорғау релесінің құрылысы бойынша техникалық білімге қол жеткізуі – осының барлығы Иран университеттерінде орын алған маңызды жаңалықтар.

Иранның университеттері президенттік сайлау науқанына қызу қатысып жатыр

28 маусым, яғни Иранда президенттік сайлау өтетін күннің жақындап қалуымен бір мезгілде Иранның әртүрлі университеттерінде айрықша қозғалыстар басталды. Президенттік сайлауға үміткерлерді шақыру арқылы студенттер олардың жоспарларымен танысады. Бұл кездесулерде студенттер президенттік сайлауға үміткерлердің бағдарламаларын сынға алады.

Иранның университеттері президенттік сайлау науқанына қызу қатысып жатыр

Ирандық ұстаздың кітабы Springer баспасында жарық көрді

Иранның "Тәрбиат Мұдаррес"  университетінің Табиғи ресурстар жәен теңіз ғылымы университетнің ғылыми кеңесінің мүшесі Яхия Куч тарапынан аударылып, тексерілген "Жауын құрттары және экологиялық процестер" (Earthworms and Ecological Processes) кітабы Springer халықаралық баспасында жарық көрді. 17 елдің (Иран, АҚШ, Канада, Украина, Нидерланды, Ирландия, Қытай, Швейцария, Франция, Италия, Марокко, Испания, Колумбия, Чехия, Швеция, Германия мен Аустралия) 37 көрнекті зерттеуші осы кітапты жазуға атсалысқан. Springer – ғылыми журналдар мен кітаптар шығаратын америкалық баспа.

Ирандық ұстаздың кітабы Springer баспасында жарық көрді

 

Ирандық студенттер радарға қарсы жабындарды шығару үшін нанокомпозиттер жасауда қол жеткізді

Иранның Амир Кабир политехникалық университетінің зерттеушілері  нанокомпозиттер жасау арқылы антирадар жабындарын шығаруға көмектесе алды. Бұл өнертабыс электроника, медициналық және денсаулық сақтау сияқты әртүрлі салаларда қолданылуы мүмкін.

Әлемде ең көп сілтеме жасалған университеттер арасында Иран 14-ші орында

Ғылымның негізгі көрсеткіштері базасының (ESI) 2014-2024 жылдардағы мәліметтеріне сәйкес, 134 университет және ғылыми зерттеу орталығына ие Иран әлемде ең көп сілтеме жасалған университеттер арасында 14-ші орынға ие.  Иран Ислам елдері арасында Түркиядан кейінгі ең жоғары үлеске ие. Бұл дерекқордағы Иранның жетекші университеттері мен ғылыми-зерттеу институттарының саны өткен жылмен салыстырғанда өсті. Бұл сан 115-тен 134 жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарына өсті.

Иран университеті мен Діни университетінің ғылыми-зерттеу институты шетелдік студенттерді қабылдайды

Иран университеті мен Діни университетінің ғылыми-зерттеу институты "Құран және хадис ғылымдары", "экономика ғылымдары", "ислам тарихы мен өркениетін зерттеу" мамандықтары бойынша магистратура деңгейіне, "психология", "мемлекеттік басқару", "қоғамтану", "экономика ғылымдары", "Құран және хадис ғылымдары", "Тәрбие ғылымы: Білім беру философиясының бағыттылығы" мамандықтары бойынша докторантура деңгейіне шетелдік студенттер қабылдайды.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі сайтқа кіріңіз:

https://rihu.ac.ir/en/page/273/call-for-international-student-admission

Иран университеті мен Діни университетінің ғылыми-зерттеу институты шетелдік студенттерді қабылдайды

Ирандық технологтар трансформатор тоғын қорғау релесінің құрылысы бойынша техникалық білімге қол жеткізді

Иран, Тегеран университетінің Ғылым және технологиялар паркінде орналасқан іргелі ғылымға негізделген компанияның технологтары трансформатор тоғын қорғау релесінің құрылысы бойынша техникалық білімге қол жеткізді. Бұл қорғаныс релелері найзағай соғуы, үзілген сымдар және электр өткізгіштері, үлкен электр жабдықтарында (мысалы, трансформаторлар, діңгектер және электр беру желілері және т.б.) ақаулар мен қысқа тұйықталулардың пайда болған кезде іске қосылып, өте қысқа уақыт ішінде (шамамен 20-дан 50 миллисекундқа дейін) электр тогын өшіру пәрменін береді.

Тегтер