Биыл Иранның "Сепаһан" мұнай компаниясының экспорттық көлемі айтарлықтай артты
(last modified Fri, 21 Jun 2024 13:04:02 GMT )
Маусым 21, 2024 19:04 Asia/Almaty
  • Биыл Иранның

Иранның "Сепаһан" мұнай компаниясының экспорттық көлемі былтырғыдан шамамен 695 млрд тұманға артық.

Өндірістік майлар шығаратын ирандық компаниялар соңғы жылдары өндірісті айтарлықтай арттыру арқылы ішкі қажеттілікті өтеумен қоса, шетелдік нарық қажеттілігінің бір бөлігін қамтамасыз ете алды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, төлем құжаттары көрсеткендей, "Сепаһан" мұнай компаниясының қаржылық жыл басынан ордибехешт (сәуір-мамыр) айына дейінгі экспорттық сатылымы шамамен 2153 млрд тұман болды. Бұл өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда шамамен 695 млрд тұманға артық. Экспортпен бірге, "Сепаһан" компаниясы мұнайының ел ішіндегі сатылымы да артты.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес,  "Сепаһан" компаниясы қаржылық жыл басынан ордибехешт айына дейін ел ішінде 1683 млрд тұманға мұнай сатқан. Ал өткен жылдың осындай мерзімінде 1286 млрд тұман болған еді.