Пара ауыр атлетикадан Грузияда өткен әлем чемпионатында Иран алтын алды
Ирандық пара ауыр атлетші Амир Джафари Грузияда өткен әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Грузияның Тбилиси қаласында әлемнің 71 елінен 329 спортшы қатысқан ауыр салмақтағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. 65 келіде өнер көрсеткен Иранның пара зілтеміршісі Амир Джафари бірінші қимылда 183 келі, екінші қозғалыста 187 келі, үшінші қозғалыста 192 келіні бағындырып, алтыннан алқа тағынды.
Бұған дейін 59 келі салмақ дәрежесінде ирандық пара-зыр атлеті Мохсен Бахтияр қола жүлдегер атанған болатын.
Айта кетейік, бұл 2024 жылы параауыр атлетикадан бесінші рет ұйымдастырылып отырған әлем чемпионаты және осы спорт түрінен Париждегі Паралимпиада ойындары алдындағы соңғы жарыс. Бұл кезеңде спортшылар Париж Паралимпиадалық рейтингіне ие болу үшін ең ірі спорттық іс-шараның квотасын алу үшін бақтарын сынап көреді.