Батыстың санкцияларына қарамастан ирандықтардың 70%-дан астамы ядролық энергияны қолдайды
(last modified Wed, 26 Jun 2024 12:23:47 GMT )
Маусым 26, 2024 18:23 Asia/Almaty
  • Батыстың санкцияларына қарамастан ирандықтардың 70%-дан астамы ядролық энергияны қолдайды

Жаңа сауалнамаға сәйкес, Батыс елдерінің санкциялары мен қысымдарына қарамастан, ирандықтардың 70 пайыздан астамы өз елдерінің ядролық державаға айналуын қолдайды.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы деп аталатын Иранмен ядролық келісімнен шыққаннан кейін алты жыл өткен соң және оның мұрагері Джо Байден оған қайта қосыла алмағанына төрт жылдай уақыт өтсе де, Құрама Штаттарда Иранға қатысты әлі нақты саясат  және ешқандай логика жоқ.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Американың Иранның ядролық қуатына қарсы саясаттарын сынаған The American Conservative журналы: «Егер табыстың өлшемі Иранның ядролық мүмкіндіктерін жоққа шығару арқылы анықталса, бұл саясат сәтсіздікке ұшырады, өйткені Иран қабілетті болды",- деп жазды.

Мақала авторы былай деп мәлімдеді: "Батыс елдерінің қоқан-лоққылары мен әрекеттері өз кезегінде Иранды NPT-дан бас тартуға, АҚХА-нің инспекторларын елден шығаруға, тіпті ядролық қару жасау бағытында оның мүмкіндіктерін арттыруға мәжбүр етуі мүмкін".

Осы саладағы соңғы сауалнамалар көрсеткендей: ирандықтардың 70 пайызға жуығы Батыс санкцияларына қарамастан өз елінің ядролық қуатын қолдайды.

АҚШ-та орналасқан Қаруларды бақылау қауымдастығының қызметкері Келси Дэвенпорттың айтуынша, егер Иран Батыстың қысымына жауап ретінде қаруға жарамды уран өндіруге шешім қабылдаса, бұл бір аптаға созылуы мүмкін. Осыдан кейін Иранға бомба жасау үшін алты айдан бір жылға дейін уақыт қажет. Мұндай даму АҚШ алдында күрделі дилемманы тудырады: ирандық бомбаға шыдау керек пе, әлде оның алдын алу үшін әскери әрекетке бару керек пе?   

Бірінші нұсқа саяси жағынан қолайсыз және АҚШ-тың кез келген президенті үшін мүмкін емес. Екіншісі, Екіншісі, Ирактан төрт есе үлкен, армиясы мен өте күшті одақтастары мен сенімді өкілдерінің желісі және теңдесі жоқ әскери, технологиялық және адам күші бар елге толық ауқымды басып кіруді талап етеді, бұл Америка Құрама Штаттарының мүмкіндіктерінен мүлдем тыс.   

Қазіргі жағдай Батыстың Иранды оқшаулау әрекетінің ақсап жатқанын көрсетеді. The American Conservative былай деп жалғастырды: "АҚШ үшін әлдеқайда жақсы әрекет жолы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына  қайта қосылу немесе нақты балама келісім бойынша келіссөздер жүргізу болады. Бұл Вашингтонға өзінің ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл қиындықтарға Мексикамен шекараны реформалау, Ресеймен қарым-қатынасты реформалау және Американың жалғыз геосаяси қарсыласы Қытайға назар аудару кіреді".

Тегтер