Маусым 27, 2024 22:46 Asia/Almaty
  • Иранда мұнай өндірісін күніне 4 млн баррельге жеткізу көзделіп отыр

Батыс елдерінің санкцияларына қарамастан, Иран мұнайын экспорттау құны х.ш.ж.с.б. 1398-1399 жылдардағы 10 млрд доллардан жылына 36 млрд-тан аса долларға жетті.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Мұнай министрі Джавад Оуджи Министрлер кабинетінің жиналысы аясында: "Х.ш.ж.с.б. 1403 жылдың соңына дейін (2025-наурыз) Иранда мұнай өндіру сыйымдылығы 3 млн 600 мың баррельден 4 млн баррельге жетеді",-деді.  

Оуджидің айтуынша, Батыс елдерінің санкцияларына қарамастан Иран мұнайын экспорттау көлемі 2,5 есе өскен.

Оуджи: "Биыл Иранда газ өндірісі 34 млн текше метрге жетеді",-деді.

Иран Мұнай министрі соңғы үш жылда елдің мұнай мен газ өнімдерін тарату желілеріне үш кибер және лаңкестік шабуыл жасалғанын айтып: "Мұндай қиыншылықтар ешқашан Иранның энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіре алмайды",-деді.  

Иран Мұнай министрлігі он үшінші үкіметте ортақ және тәуелсіз мұнай және газ кеніштерін дамыту үшін құны 23 млрд доллардан асатын келісімге қол қойды.

Тегтер