Теннистен Азия турнирінде Иран қыздары жеңіске жетті
Иран қызы Хана Шабанпур 14 жасқа дейінгілер арасында теннистен Азия 1-деңгейі жарысының жеңімпазы атанды.
14 жасқа дейінгі тобындағы теннистен Азия бірінші деңгейдегі жарыстар Қазақстанда өтті.
Parstoday хабарлауынша, осы жарыстың әйелдер финалында ирандық Хана Шабанпур Түркіменстаннан келген қарсыласын 2-6 және 3-6 есебімен жеңіп, чемпионы атанды.
Тағы бір ирандық теннисші Айлин Мұхаммадиан да қазақстандық теннисшіні 2:1 есебімен жеңіп, үшінші орынға ие болды.
Ұлдар арасында ирандық Рамтин Рафеи теннистен Азияның 1-деңгейі жарысының екінші жүлдегері атанды.
Иранның Альборз облысында өткен World Tennis Tour жарысының бірінші аптасының соңғы күнінде ирандық Кимия Сақиб Теһрани түрік теннисшісін 2:1 есебімен жеңіп, чемпиондық атаққа ие болды.