Қарсылық майданы әйелдері – маңызды рауаятшылар
Теһранда «Әйелдердің баяндау жиһады» атты алғашқы конференция өтті.
Қарсыласу баяндаушы немесе баяндалған болуы керек, ал қарсылық әйелдері бұл әңгімелерді объективті етуде маңызды рөл атқарады.
Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Әйелдердің баяндау жиһады» конференциясының бірінші конференциясына 900-ге жуық БАҚ, діни, мәдени және саяси белсенді әйелдер және 25 шетелдік қонақ қатысып, «Кербаладан Құдысқа дейін хикая, тұрақты ақпарат құралдары және қарсыласу әйелдері» тақырыбымен Иран Телерадио бірлестігінің конферецзалында өтті.
Бұл кездесуде осы сала және діни оқу орны әлі университет ұстазы Мұхсен Қанбариан: «Әр рауаят бір оқиғаға негізделген, егер дұрыс көрмесек, дұрыс жеткізе алмаймыз»,- деді.
Қанбариан сонымен қатар Ашура оқиғасы мен хазірет Зейнабтың (ғ.с.) қарсыласу әйелдерінің символы ретіндегі ерекше рөліне тоқталып, былай деп қосты: «Оның баяны бір ұлттың ұйықтап жатқан ар-ұжданын оятып, оларды бастапқы орнына қайтарған рауаят және бұл рауаяттан алынған дұрыс мысал». Аймақтағы қарсыласу күштерінің, әсіресе Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысы Хамастың жоғары қабілетіне тоқталып: «Бүгін Газадағы барлық халық езгіні қабылдамас үшін тұрып қарсылық көрсетуде»,-деді.
Бұл діни оқу орыны және университет ұстазы басқа, соның ішінде экономикалық және мәдени салалардағы қарсыласуды да маңызды деп тауып: «Шәһид президент Сейед Ибрахим Раисидің күш-жігері Иранды қарсыласу экономикасы саласындағы Шанхай ұйымы мен БРИКС тобының тұрақты мүшесіне айналдырды және біз экономикалық қуаттың Батыстан Шығысқа қарай кеңейіп жатқанына куә болып отырмыз»,- деп мәлімдеді.
Иран Ислам Республикасының Телерадио бірлестігінің басшысы Пейман Джебели де осы конференцияда қарсыласу саласы мен географиясындағы әрбір адамның қарсыласуын тарихи тұрғыдан баяндауын өте құнды деп санады. Джебели Израильдің Газадағы қылмыстарына тоқталып: «Палестиналықтардың бүгінгі қарсыласуы сейіт аш-Шуһада (ғ.с.) мен оның серіктері туралы әңгімелеудің нәтижелерінің бірі болып табылады",- деді.
Иран Телерадио бірлестігінің басшысы: "Дәл осы рауаяттар Израильдің Палестина халқына қарсы қылмысы туралы тарихты тірі қалдырады",- деп қосты.
Осы конференцияның басқа баяндаушысы Алиреза Панахиан Исламның әртүрлі дәуірлеріндегі қарсыласу әйелдерін, соның ішінде хазірет Хадиджа (ғ.с.), хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.), хазірет Зейнаб (ғ.с.) және хазірет Масуменің (ғ.с.) рөлін атап өтті. Ол қарсылық пен баяндау саласында өте маңызды деп сипаттады.