Шіл 08, 2024 17:54 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеидің пікірінше президентте қандай қасиеттер болу керек. Шәһид Раисиді еске алу

Ислам революциясының жетекшісі жексенбі күні Иранның 13-ші үкіметінің мүшелерімен кездесті.

 

Ислам революциясының жетекшісі жексенбі күні Иранның 13-ші үкіметінің мүшелерімен кездесуінде қарапайым халық  мәселелерін шешуге тынымсыз күш салу, ішкі мүмкіндіктерге терең сену, діни және революциялық ұстанымдарды жариялаудағы ашықтық, шаршамау, үміт үзбеу, сыртқы саясатта өзара әрекет пен абыройды құрметтеу, үлкен жоспарларды жүзеге асыруға берілгендік, кішіпейілділік, төзімділік, руханилық және зікір мен тартымдылықты шәһид Раисидің көрнекті тұлғалық және еңбек қасиеттерінің бірі деп атады. 13-ші үкімет мүшелерінің Ислам революциясының жетекшісімен соңғы кездесуі болған бұл кездесуде имам Хаменеи бұл үкіметті «жұмыс, үміт және қозғалыс» үкіметі деп атап: "Шәһид Раиси шынымен де болашаққа үмітті және дұрыс оптимистік көзқараспен қарады және белгіленген мақсаттарға жету үшін берік шешім қабылдады",- деді.

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Раисидің көрнекті ерекшеліктеріне тоқталып, оның халық болмысын өте маңызды қасиет және барлық шенеуніктерге нағыз үлгі деп атап: "Раиси халықты құрметтейтін және халық арасында бола отырып, шындықтар мен қажеттіліктерді қозғап, проблемаларды шешу мен халық бұқарасының қажеттіліктерін қанағаттандыруды өзінің жоспарлары мен әрекеттерінің негізіне айналдырды",- деп айтты.

13-ші үкіметтік делегация мүшелерінің имам Хаменеимен кездесуі

Ислам революциясының жетекшісі «халықпен бірге болу» сипатын Исламның шенеуніктерден талап етуі деп,  Пайғамбардың орынбасары және Әһле Бәйтті мүминдердің әмірі хазірет Әлидің (ғ.с.) Мәлік Аштарға берген жарлығына сілтеме жасай отырып: "Хазірет Әли (ғ.с.) Мәлік Аштарға  «Сіздің көз алдыңызда ең жақсы жұмыс - көпшіліктің ризалығына ие болатын жұмыс болуы керек. Өйткені барлық салада, соның ішінде жаумен бетпе-бет келіп, бірлік құруда да бұл халық бұқарасы сіздің достарыңыз. Үлкен үміт күтетін және тек өз мүддесі үшін жұмыс істейтін адамдар емес. Осы себепті қоғамда олармен бірлік құрылмайды" деп қуаттады.  Қасиетті қорғаныс пен басқа да салалардағы қалың бұқарадан дәл осындай деректер мен сипаттарды көрдік, ал Шәһид Раиси хазірет Әлидің (ғ.с.)  сол жолы мен әдісін ұстанды. Бұл да баршаға үлгі болуы керек",- деді.

Аяирлла Хаменеи ішкі мүмкіндіктерге терең сенуді шәһид Раисидің тағы бір көрнекті қасиеті деп атады және былай деді: "Біз бұл туралы әртүрлі кезеңдерде басшылармен сөйлестік,  ешкім қарсы болмады. Бірақ Раиси президентінің елдің проблемаларын шешуге ішкі мүмкіндіктерге сүйену қажеттілігін түсінді",- деп айтты.

Діни және революциялық ұстанымдарды жариялаудағы ашықтық және «екі жақты сөздерден немесе басқаларға жақсы қараудан аулақ болу» революция жетекшісі атап өткен шейіт президенттің тағы бір қасиеті болды. Имам Хаменеи былай деді: "Раиси іс жүзінде  айтқан сөзін нақты ұстанды. Мәселен, бірінші сұхбатында белгілі бір елмен байланыс орнатасыз ба деген сұраққа ол «жоқ» деп жауап беріп, соңына дейін осы анық сызықты ұстанды.

Бір мезгілде өзара қарым-қатынас пен қадір-қасиетті құрметтеу Ислам революцияс жетекшісі тоқталған Раисидің көрнекті сипаттамаларының бірі болды. Ол: " Раиси қарым-қатынас принципіне сенді және өзара әрекеттестіктің адамы болды. Бірақ абыройлы мүддеге келгенде, ол байланыс үзілетіндей дауласпады  және бекер қолын түсіріп, ұпай бермеді. Үлкен жобаларды жүзеге асыруға көңіл бөлу», соның ішінде теңіз суын су тапшылығымен кезіккен қалаларға жеткізу, шыдамдылық және төзімділік революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша шәһид Раисидің тағы екі практикалық сипаты болды.

Революция жетекшісінің мақтауына ие болған шәһид Раисидің соңғы көрнекті қасиеті Иранның 13-ші үкіметі президентінің «руханилығы, дұғасы мен тавасулі» болды.

Имам Хаменеи сөзінің осы бөлігін қорытындылай келе: "Бұл ерекшеліктер тарихтағы үлгі мен жазбаны түсіндіру үшін айтылды. Атқарушы биліктің басшысы ақыл-ой, жүрек және практикалық ізгі қасиеттердің жиынтығына ие болып, оны басқаруда және жеке орындауда ұстана алатыны белгілі болсын",- деді.

Сөзінің соңында революция жетекшісі халыққа және сайлауды жақсы әрі еш оқиғасыз өткізгені үшін үкімет қайраткерлеріне, Ішкі істер министрлігіне, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарына және құқық қорғау және қауіпсіздік күштеріне еңбегі мен күш-жігеріне тағы да алғыс айтты. Ол: "Әлемнің кейбір елдерінде сайлау төбелеспен өтеді. Біздің елде сайлау ең жақсы деңгейде өтті",- деді.

Тегтер