Хамид Нури: Батыстықтар адам құқығы деген сөзді тәркілеп алды/Швецияның алдамшы маскасы
(last modified Wed, 10 Jul 2024 11:07:46 GMT )
Шіл 10, 2024 17:07 Asia/Almaty
  • Хамид Нури: Батыстықтар адам құқығы деген сөзді тәркілеп алды/Швецияның алдамшы маскасы

Швеция үкіметі заңсыз және адамгершілікке жатпайтын түрде қамауға алған Иран азаматы Хамид Нури Батыстың адам құқықтарына қатысты мәлімдемелерінің жалған екенін айтады.

 

Иран азаматы Хамид Нури 2019 жылы 9 қарашада асырап алған қызының отбасылық дауларын шешу үшін Швецияға келген кезде осы елдің қауіпсіздік күштері тарапынан қамауға алынды.

Швеция соты «Мұнафеқин» лаңкестік тобының айыптауларына сүйене отырып, 2022 жылы 14 шілдеде Нуриді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті және ақыры Нури 1680 күндік түрмеде отырып, 2024 жылдың маусым айының ортасында Иранға оралды.

Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хамид Нури: «Батыстың адам құқықтарын қорғау туралы мәлімдемелері күлкілі, өйткені батыстықтар адам құқығы деген сөзді тәркілеп, мазақ етті»,- деді. Ол былай деп қосты: «Дәл осы адам құқықтарын талап етушілер қарапайым азамат болған және сапарға шыққан мені тұтқындап, 1600 күннен астам жалғыз камерада қамады».

Швеция түрмесінен босаған ирандық азамат осы аралықта жеке камерада түрлі физикалық, психикалық және эмоционалдық азаптауларға тап болғанын айтты. Нури былай деді: «Маған қарсы жасалған әрекет американдық, батыстық және шведтік адам құқықтарының үлгісі болып табылады.»

 

 

Тегтер