Иран президенті мен үкімет мүшелері имам Хомейни (р.а.) идеалдарымен келісімін жаңартты
(last modified Sat, 24 Aug 2024 11:14:22 GMT )
Там 24, 2024 17:14 Asia/Almaty
  • Иран президенті мен үкімет мүшелері имам Хомейни (р.а.) идеалдарымен келісімін жаңартты

Иран президенті мен үкімет делегациясының мүшелері Теһрандағы Ислам революциясының негізін қалаушының қасиетті кесенесіне барып, имам Хомейнидің (р.а.) мұраттарына табандылығын білдірді.

 

Президент Масуд Пезешкиан мен Иран үкімет делегациясының мүшелері үкімет апталығының басталуына орай Ислам революциясының негізін қалаушының қасиетті кесенесіне барды.

Parstoday ақпаратына сәйкес, Масуд Пезешкиан бұл рәсімде: «Иран үкіметінің мүшелері халықпен жасаған келісімге табанды»,- деді. Пезешкиан сионистік режимнің Газа және Батыс Азия аймағындағы қылмыстарына тоқталып: «Мұсылмандар Алланың жібін бірге ұстаса, сионистік режим аймақта бұл қателіктерді жасауға батылы жетпес еді»,- деп айтты.

Айта кетейік, Иранда шахривар айының бірінші аптасы Мұхаммад Әли Раджаи (президент) мен Мұхаммад Джавад Бахонардың (премьер-министр) шәһид болуына байланысты «Үкімет аптасы» деп аталады.

1981 жылы президент Мұхаммад Әли Раджаи мен премьер-министр Мұхаммад Джавад Бахонар «Мүнафеқин» лаңкестік тобының элементтерінің премьер-министр кеңсесін жарып жіберуі кезінле шәһид болды.

 

.  

 

 

 

 

 

 

Тегтер