Иранның жаңа Сыртқы істер министрі: Иран соңына дейін Палестинамен бірге болады
Иранның жаңа Сыртқы істер министрі Палестинаның ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысының саяси кеңсесі мүшесінің телефон қоңырауына жауап беріп: "ИИР-ның Палестинаның езілген халқын қолдау және қарсыласу жолындағы көзқарасы өзгермейді",- деді.
Палестинаның ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысының саяси кеңсесінің мүшесі, араб және исламдық қарым-қатынастарға жауапты Халил әл-Хия Иран Ислам Республикасының жаңа Сыртқы істер министрі Сейд Аббас Арақчимен телефон арқылы сөйлесті.
Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы телефон сұхбатында Арақчи Газа халқы мен қарсыласушылардың сионистердің қылмыстарына қарсы 11 айлық ұстанымын құрметтеп, соңғы жеңіс Палестина халқымен және Иран Ислам Республикасының соңына дейін олармен бірге болатынын баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрі былай деді: "Иран Ислам Республикасы Газадағы атысты тоқтату және соғыстың аяқталуы үшін Палестинаның қарсыласушы халқы мен қарсыласу топтары мен ХАМАС қабылдаған кез келген келісімді қолдайды".
ХАМАС саяси кеңсесінің мүшесі Халил әл-Хия осы телефон арқылы сөйлесуінде Арақчиді Иранның Сыртқы істер министрі болып сайлануымен құттықтап, Газадағы атысты тоқтату келіссөздерінің соңғы жағдайы, сионистік режимнің басып алынған жерлердегі соңғы қылмыстары және бұл режимнің әл-Ақса мешітіндегі жағдайды өзгерту әрекеттеріне тоқталды.
Әл-Хия сонымен қатар Иранның бұрынғы Сыртқы істер министрі шәһид Хұсейн Амирабдуллахианның Палестина халқының қарсыласуын қолдаудағы талпыныстарына ризашылығын білдіріп: " Палестина халқы Иран Ислам Республикасының Палестина ісін үнемі қолдауы мен сионистердің қылмыстарына қарсы тұруын жоғары бағалайды",- деп қуаттады.