Иран: Ираннан Ресейге баллистикалық зымыран жіберді деген мәлімдеме Американың өтірігі
(last modified Sun, 08 Sep 2024 11:43:10 GMT )
Қыр 08, 2024 17:43 Asia/Almaty
  • Иран: Ираннан Ресейге баллистикалық зымыран жіберді деген мәлімдеме Американың өтірігі

Иранның БҰҰ-дағы өкілі Ресейге баллистикалық зымыран жіберу туралы болжамды хабарларды жоққа шығарып, ИИР-ның Украина жанжалына қатысты ұстанымының өзгермегенін жариялады.

 

ИИР Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі Ресейге баллистикалық зымыран жіберу туралы болжамды хабарларға қатысты сұрақтарға жауап берді. Parstoday агенттігінің хабарлауынша, Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі мәлімдемесінде: "Иран Украинадағы қақтығысушы тараптарға әскери көмек жіберуді адамдық және инфрақұрылымдық шығындардың таралуына әкеліп соғуды, сондай-ақ атысты тоқтату келіссөздерінен алшақтауды адамгершілікке жатпайтын әрекет санайды",- деп жариялады. Бұл хабарландыруға сәйкес, Иран мұндай әрекетке бармай, басқа елдерді қақтығысқа қатысушы тараптарға қару жіберуді тоқтатуға шақырады. Бұған дейін Иранның БҰҰ-дағы елшісі әрі тұрақты өкілі Амир Саид Ирвани АҚШ, Англия және Францияның Теһранның Украинадағы қақтығыстағы рөліне қатысты негізсіз әрі жаңылыстырушы айыптауларын жоққа шығарды.

АҚШ пен оның одақтастары батыстық және алдыңғы қатарлы қару-жарақтарды, әсіресе Американың жеткізуі Украинадағы соғысты ұзартып, бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымға зиянын тигізгенін жасыра алмайды.

Ирвани: «Иранның Ресейге қару сатуға, экспорттауға немесе беруге қатысы бар және халықаралық міндеттемелерін бұзды деген кез келген мәлімдеме толығымен негізсіз және үзілді-кесілді қабылданбайды. Иран халықаралық гуманитарлық құқықты сақтау бойынша өзінің бұлжымас міндеттемесін тағы да қуаттады»,- деді.

 

Тегтер