Ширазда Батыс Азиядағы ең үлкен смарт аурухана салынады
ИИР үкіметінің мақұлдауымен және Экономикалық кеңестің бекітуімен Иранның Фарс облысының орталығы Ширазда Мұхаммад Расул Аллаһ (с.ғ.с.) ауруханасы деп аталатын Батыс Азиядағы ең үлкен ақылды аурухана салынады.
Фарс облысы әкімі Мұхаммад Хади Имание сенбі күні Теһранға сапары аясында Иранның Экономикалық Кеңесінде ел вице-президентімен Шираз қаласында 1400 төсектік Мұхаммад Расул Аллаһ аурухана құрылысын қаржыландыруды мақұлдау үшін келіссөздер жүргізгенін хабарлап: «Бұл мәселе Экономикалық кеңесте мақұлданса, осы қалада Батыс Азиядағы ең үлкен смарт аурухана салынады»,- деді.
Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, соңғы жылдары Иран Ислам Республикасы ирандықтардың денсаулығы мен медициналық туризмді жақсарту мақсатында бірнеше ақылды супер-ауруханалар, соның ішінде хазірет Мәһди (ғ.с.) ауруханасын салды.
Иран Ислам Республикасының Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрлігінің есебіне сәйкес, Иранға келген туристердің 20 пайызы ауруды емдеу және денсаулықтарын жақсарту мақсатында келеді. Елдің жоғары лауазымды шенеуніктерінің күш-жігеріне сәйкес, Иранның сауықтыру туризмі секторы алдағы жылдары айтарлықтай өсімге ие болады деп күтілуде.
Қазіргі уақытта Ирак, Ауғанстан, Пәкістан, Армения, Тәжікстан және Парсы шығанағының оңтүстік шекарасындағы елдер, соның ішінде Оман мен Бахрейн азаматтары сауықтыру туризмі үшін Иранға көбірек жүгінеді.
Иран Ислам Республикасының соңғы жылдардағы денсаулық сақтау және емдеу саласындағы ілгерілеуі Иранның аймақтың медициналық орталықтарының біріне айналуына себеп болды.
Иранның сүйек кемігін трансплантациялау, бедеулікті емдеудегі жетекші үш елдің қатарында болуы және ортопедия мен мүшелерді трансплантациялау саласында әлемде төртінші орын алуы Иранның медицина саласындағы жетістіктерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ Иран кейбір ауруларға қажетті дәрі-дәрмек өндіруде әлемде жетінші орында және кохлеарлық имплантация бойынша әлемдегі алғашқы бес елдің қатарына кіреді.