Қыр 11, 2024 20:38 Asia/Almaty
  • Хұсейн бин Алиге (ғ.с.) деген сүйіспеншілік ерекше нәрсе; Имам Хаменеидің Ирак халқының исламдық-арабтық қадір-қасиетін мадақтайтын жолдауы

Ислам революциясының жетекшісі Имам Хаменеи өз жолдауында Ирак халқына Арбаин кезінде зияратшыларды қабылдағаны үшін алғыс айтты.

ИИР Президенті Масуд Пезешкиан бүгін (сәрсенбі) таңертең Иракқа сапары кезінде осы елдің премьер-министріне Ислам революциясының жетекшісі жолдауының арабша мәтінін табыс етті. Parstoday агенттігі Ислам революциясы жетекшісі жолдауының аудармасын ұсынады:

 

بسم الله الرّحمن الرّحیم

Мейірімді және Рақымды Алланың атымен

Бірінші сөз – рахмет. Сізге өз атымнан және ұлы Иран халқының атынан шын жүректен алғыс айтамын. Сондай-ақ Арбаин күндерінде абыройдың, мейірім мен рақымның ең жоғары деңгейін көрсеткен шатырлар иелеріне, Ирактың барлық ұлы халқына, қауіпсіздік  кеңістікті қамтамасыз еткен Ирак үкіметіндегі шенеуніктерге де, бауырластық атмосферасын қамтамасыз еткен Ирактың ғұламалары да алғысымды айтамын.

Қымбатты ирактық ағайындар, Арбаин шеруінің тарихта теңдессіз болуындай, Арбаин шерулері жолындағы шатырларда имам Хұсейн (ғ.с.) зияратшыларына жасаған қызметтерін бүгінгі әлемде теңдесі жоқ. Он миллиондаған адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау бүгінгі қауіпке толы әлемде үлкен және бірегей міндет болып табылады.

Сіздер өз амалдарыңыз бен іс-әрекеттеріңізбен исламдық және араб абыройын көрсеттіңіз және мұның бәрі шәһидтер көшбасшысы имам Хұсейнге (ғ.с.) деген махаббат үшін. Хұсейн бин Алиге (ғ.с.) деген бұл махаббат ерекше мәселе. Біз мұндайды еш жерде, еш уақытта көрген емеспіз. Алла Тағала осы махаббатты сіздердің жүректеріңізде, біздің жүрегімізде күннен-күнге арттыра түседі деп сенеміз.

Бүгінгі таңда, бұл махаббат Газадан бастап,  көптеген мұсылман емес қауымдарға да таралды. Әлхамдулиллаһ.

 

Имам Хұсейн (ғ.с.), Әбу Абдулла, шәһидтер қолбасшысы және шиіттердің үшінші имамы лақаб аттарымен танымал Хұсейн бин Әли (ғ.с.) (4 һ.-61 һ.ж.) Кесаның және Мүбаһеле оқиғасындағы бес адамның  бірі және   Құранда "Татхир" (тазару) аяты түскен Пайғамбар әулеті мүшесі.

Имам Хұсейн (ғ.с.) имам Әли (ғ.с.) мен Фатима-Заһраның (ғ.с.) екінші ұлы және Мұхаммад (ғ.с.) пайғамбарының немересі.  Ағасы Имам Хасаннан (ғ.с.) кейін шамамен он бір жыл мүміндердің басшысы болды.  Кербала оқиғасында Ислам пайғамбарының дүниеден озуынан 50 жыл өткен соң Кербала оқиғасында 72 сахабасымен бірге үкіметтің азғындығына наразылық білдіріп, жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыю жолында Омеяд халифасы Язид бин Муавияның бұйрығымен шәһид болды.

 

Тегтер