Бүкіл Иран халқы Сейед Хасан Насролланың шәһид болғанын жоқтауда
Иранның әртүрлі қалаларының халқы өз еркімен көшелерге шығып, сионистік режимнің Хизболланың бас хатшысы Сейд Хасан Насролланы террор ету қылмысын айыптап, Ливан мен Палестина халқына жанашырлық танытып, ынтымақтастығын білдірді.
Газа секторындағы шамамен бір жылға созылған қылмыс пен соғыстан кейін сионистік режим өткен дүйсенбіден бері Ливанға қарсы қылмыстарын кеңейтті және Бейруттің оңтүстігіндегі Дахия қаласын бомбалауда жұма күні (27 қыркүйек) соңғы қылмысында Ливан Хизболлаcының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла шәһид болды.
Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның 31 облысының орталықтарында өткен бұл жиындарда әртүрлі топтар, соның ішінде ерлер мен әйелдер, кәрілер мен жастар, студенттер қатысқан. Халық «Израильге өлім», «Америкаға өлім», «Уа, қарсыласу сейіті, сенің жолың жалғасуда» және «Уа, Хизболла жетекшісі, шәһид болуын мүбәрәк» деген ұрандар айтты.
Аза тұту белгісі ретінде қара жейде киген бұл жиындарға қатысушылар Иран, Палестина және Ливан Хизболласының туларын және Революцияның рухани жетекшісі, шәһид қажы Қасым Сүлеймани мен Сейед Хасан Насролланың суреттерін ұстап, жариялады. Қасиетті Құдсты азат ету және сионистік режимді жою олардың соңғы деміне дейін жалғасады.
Сондай-ақ, сейіт Хасан Насролланың шәһид болғаны туралы хабар жарияланғаннан кейін қара аза туы Мешхедтегі Ислам пайғамбарының ұрпағы Имам Резаның (ғ.с.) және Құмдағы оның қарындасы хазірет Фатима Масуменің қасиетті кесенелерінің күмбезінің үстіне орнатылды.
Бүгін (жексенбі) сионистік режимнің лаңкестік әрекеттеріне наразылық білдіріп, Ливан халқына жанашырлық шерулерін өткізу үшін Иран университеттеріндегі сабақтар тоқтатылды.
Сионистік режимнің қылмыстарына наразылық ретінде Иранның түкпір-түкпіріндегі барлық діни оқу орындарында сабақтары үш күнге тоқтатылды.
Қарсыласудың туын көтеруші Сейед Хасан Насролланың шәһид болуына байланысты Теһрандағы "Табиғат" көпірі мен "Милад" мұнарасының шамдары да кек алу белгісі ретінде қызыл түсті.