Қаз 01, 2024 21:11 Asia/Almaty
  • Теһран университеті когнитивтік ғылымдар саласындағы ең үздік ислам университеттерінің басында

Edu Rank рейтингі бойынша Теһран университеті когнитивті ғылымдар саласындағы ислам әлеміндегі ең үздік университеттердің қатарында болды.

Edu Rank — когнитивтік ғылымдар саласындағы әлемнің үздік университеттерінің тізімін ұсынатын тәуелсіз рейтинг. Pars Тoday агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылғы осы рейтингтің деректеріне сүйене отырып, Иранның   100 университеті зерттеу нәтижелері бойынша осы рейтингке енген, олардың арасында Теһран университеті Азияда 45-ші, әлем бойынша 346-шы орынға ие болды.

Бұл рейтингте когнитивті ғылымдар саласындағы Теһран университеті мұсылман әлеміндегі  үздік университеттердің көшіне орналасып, Сауд  Арабиясының Король Сауд университеті мен Малайзия университеті сияқты университеттерді басып озды.

Тегтер