Иран 6 айда 9500 тонна мата экспорттады
Қаз 07, 2024 16:40 Asia/Almaty
ИИР Кедені өткен 6 айда 9500 тонна әртүрлі матаның экспортталғанын хабарлады.
Өткен 6 айда Иранның тоқыма экспортының көлемі 23 миллион 500 мың доллар құрайтын 9 мың 500 тонна жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салмақ жағынан 8 пайыз, құндық жағынан 7 пайыздық өсімді көрсетеді.
Pars Тoday ақпаратына сәйкес, аталған кезеңде Иран экспорттаған матаның басым бөлігі Батыс Азия аймағы елдеріне бағытталды. Бұл тауарлардың салмағының 33 пайызынан астамы мен құнының 42 пайызын құрады.
Бұдан кейін Иранның солтүстік және шығыс көршілері ирандық маталардың жалпы экспорттық құнының сәйкесінше 20 және 12 пайызымен екінші және үшінші орындарда.