Арақчи: Иранда ешбір лаңкес, Германия қолдаса да, жазаланудан босатылмайды
ParsToday- ИИР Сыртқы істер министрі Ирандағы «Тондар» лаңкестік тобының жетекшісінің өлім жазасына кесілуі және Германия үкіметінің бұл мәселеге реакциясынан кейін: «Иранда ешбір лаңкес, Германия қолдаса да, жазаланудан босатылмайды»,- деді.
«Тондар» жалдамалы және лаңкестік тобының Иран халқына қарсы жылдар бойы жасаған зұлымдықтары мен қылмыстарынан кейін осы лаңкестік топтың басшысы, Германия азаматтығын алған Джамшид Шармахд заңдық процедуралардан өтіп, өлім жазасына кесілді. Иранның Жоғарғы сотында 28 қазанда сот үкімін түпкілікті бекіту орындалды.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Тондар» лаңкестік тобы 2008 жылы Иранның 14 азаматының шәһид болуына және тағы 300 адамның жаралануына әкелген Иранның Шираз қаласындағы Сейед әл-Шохада хосейниені бомбалау операциясынан бөлек, соңғы жылдары Иранның қауіпсіздік күштерінің барлау қызметінің үстемдігі салдарынан сәтсіз болған Шираздағы бөгетті жару және Теһрандағы кітап жәрмеңкесінде цианид бомбаларын жару әрекеттерін жоспарлаған. Бұл лаңкестік топ Иранның ядролық өнеркәсібі ғалымдарының бірі Масуд Али Мұхаммадидің өлтірілуіне де үлес қосты.
Ирандағы лаңкестік шабуылдар кезінде «Тондар» лаңкестік тобының жетекшісі Джамшид Шармахд бір фильмінде «Біз ешкімді өлтіруге ұялмаймыз, біз Шираздағы жарылысты жоққа шығармадық, біз қастандық жасап, террор жасаймыз» дейді.
Джамшид Шармахд өлім жазасына кесілгеннен кейін Германияның Сыртқы істер министрлігі Иран Ислам Республикасының уақытша сенімді өкілін шақырды. Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Германия үкіметінің бұл әрекетіне реакция білдіріп: «Германиялық төлқұжат террорист қылмыскерді былай қойғанда, ешкімге қол сұқпаушылық құқығын бермейді. Джамшид Шармахд мешітке (Хосейниеде) жасалған лаңкестік әрекетті ашық және ұятсыз басқарды, нәтижесінде 14 бейкүнә адамның, соның ішінде әйелдер мен балалардың шәһид болуына себеп болды. Бұл шабуыл кезінде 200-ден астам адам жарақат алды. Жеткілікті дәлелдер бар және барлығына қарауға болады»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі Германия үкіметіне мынаны баса айтты: «Психикалық ойындарды доғарыңдар, балаларды өлтіргендер мен лаңкестерді қолдауды доғарыңдар және адам құқығы туралы екіжүзді ұрандар артына тығылмаңдар».
Иран халқының неміс азаматтарының Саддам режиміне берген химиялық қаруды ұмытпағанын айтқан Арақчи: «Германия үкіметі Израиль режимінің жалғасып жатқан геноцидіне де қатысы бар, өйткені Германия Газадағы геноцид пен Ливандағы кісі өлтірулері үшін Израильге өлімші қарудың екінші жеткізушісі болып табылады»,- деп мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ «Тондар» лаңкестік тобы жетекшісінің өлім жазасына кесілуінен кейін Еуропа Одағының сыртқы саясатына жауапты Жозеп Борреллдің мәлімдемелеріне реакция білдіріп: «Еуропа екіжүзділіктің символы»,- деп айтты. Арақчи: «Еуропалық Одақтың сыртқы саясатының қайраткері адам өмірі мен ар-намысын қорғау керек десе сенгім келеді, бірақ мәселе Еуропадағы әріптестеріңіз Газадағы геноцид пен Ливандағы өлтіруді ұялмай қолдайды»,- деді.