Бақаи: Біз үшін американдықтардың сайлауы емес, аймақтағы көрсеткіштері маңызды
ParsToday - Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «АҚШ-тың президенттік сайлауынан да маңыздырақ бұл елдің аймақтағы көрсеткіштері, сионистік режимнің Газа мен Ливандағы қылмыстары және Иранға қатысты саясаты»,- деп қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақаи кеше апта сайынғы баспасөз мәслихатында АҚШ-та өткен сайлауға тоқталып: «Америка халқының дауыс беру үлгісі – ойлануға және зерттеуге лайық мәселе және бұл әрине Американың өзіне қатысты, бірақ маңыздысы Американың аймақ пен Иранға қатысты әрекеттері»,- деді. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бақаи: «Өткен 4 жылда АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық саясаты жалғасып, Америка үкіметі сайлау кезінде БКБ келіссөздері мен басқа да мәселелерге қатысты берген уәделері мен талаптарын орындай алмады»,- деп мәлімдеді.
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы сионистік режимнің Газа мен Ливандағы қылмыстарының жалғасуына қатысты: «Сионистік режимнің қылмыстарының жалғасуы мен кеңеюінің негізгі себебі Американың осы режимге қолдау көрсетуі, қару-жарақ жіберуі және халықаралық форумдарда осы режимге қарсы кез келген қарар мәлімдемесінің алдын алуы болып табылады»,- деп айтты.
Бакаи Сауд Арабиясының Қарулы күштері Бас штабы басшысының Иранға сапарына тоқталып: «Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы келіссөздер соңғы бір-екі жылдан бері үздіксіз және өте пайдалы жалғасуда. Сауд Арабиясының жоғары лауазымды әскери шенеунігінің сапары да осы бағытта және бұл барлық саладағы қарым-қатынастарды нығайтуға қажетті негіз болады деп үміттенеміз»,- деді.
Бақаи Иран мен Германия арасындағы шиеленістен кейінгі соңғы қарым-қатынасқа қатысты былай деді: «Біз Германияда тұратын ирандық азаматтарға консулдық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін Германия үкіметімен байланыстамыз. Иранның еуропалық елдермен қарым-қатынасы басқа елдер сияқты әрқашанда түрлі шарықтаулар мен құлдырауларға ие болды және біз ұлттық мүдделерге қолайлы шеңберді анықтауға тырысамыз».
Бакаи Израильдің Сирия президенті Башар Асадты террор етумен қорқыту туралы сұраққа былай деп жауап берді: «Басшыларды өлтіремін деп қорқыту заңды және моральдық тұрғыдан толығымен қабылданбайды және басқыншы режимнің халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына немқұрайлылық танытуының белгісі болып табылады және халықаралық қоғамдастық осы қауіпті көзқарасқа қарсы тұруда біртұтас дауысқа ие болуы керек».