Пезешкиан: Иранның қуатты армиясы мен қарулы күштері Ислам республикасының аймақтық мақтанышы
ParsToday – Иран Ислам Республикасының Президенті: «ИИР-ның күшті және дайындалған армияға ие болуы Иранның аймақтағы дискурсын қарым-қатынас, бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін пайдалануға мүмкіндік берді»,- деді.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Президенті Масуд Пезешкиан жұма күні ИИР-ның Армия күнін мерекелеу рәсімінде: «Қоғамдағы қауіпсіздік пен тыныштық күшті және дайын армия болған жағдайда мүмкін болады. Армия мен қарулы күштердің болуы Иран Ислам Республикасының ішкі тұрақтылығы мен аймақтық абыройын мүмкін етеді»,- деп айтты.
Пезешкиан ИИР-ның қуатты армиясының рөлінің маңыздылығына тоқталып: «Осы құрметті адамдардың қатысуымен Ислам Республикасы аймақтағы даусыз держава ретінде танылды және келіссөздер, өзара әрекеттесу және аймақта бейбітшілік пен тыныштық орнатуда өз ұстанымдарын берік және қуатты түрде қолдана алады»,-деп қосты.
Иран Президенті ИИР-ның бүгінгі әскери ілгерілеуін армия мен қарулы күштердің күресі мен дербестігінің нәтижесі деп атап: «Бүгін исламдық Иран құрлықтағы, әуедегі, теңіздегі және ұшқышсыз ұшақтар мен заманауи қару-жарақтардың өрістерінде дұшпан елестете де алмайтын дәрежеге жетті»,- деп мәлімдеді.
Сондай-ақ Пезешкиан әскердің үкімет пен ұлттың берік қорғаны, жамағаттың абыройы, өлкенің сәні, ұлт пен мемлекеттің досы әрі көмекшісі екенін баса айтты.