Иранофобия - Иранның туризм индустриясын әлсірету үшін жасалған қастандық
(last modified Mon, 05 May 2025 11:53:42 GMT )
Maм 05, 2025 17:53 Asia/Almaty
  • Иранофобия - Иранның туризм индустриясын әлсірету үшін жасалған қастандық

ParsToday – Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрлігінің Шетелдік туризмді маркетинг және дамыту басқармасының бас директоры дұшпандардың Иран Ислам Республикасы туралы теріс имидж жасау әрекеттеріне тоқталып: «Иранофобия – Иранның туризм индустриясының өсуіне тосқауыл қоюға бағытталған ұйымдасқан бағдарлама»,- деді.

ParsToday ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрлігі Шетелдік туризмді маркетинг және дамыту басқармасының бас директоры Мослем Шоджаи дылай деді: «Көптеген халықаралық туристер Иранға кіру үшін оңай виза ала алады, бірақ дұшпандық ақпарат құралдарының теріс үгіт-насихаты және шектеулі оқиғалардың әсірелеуі туристер арасында қорқыныш пен күмән туғызады. Иранның қауіпсіз және қонақжай имиджіне нұқсан келтіреді».

 

40-тан астам елмен визаны жою; Туризмді дамытудағы үлкен қадам

Шоджаи Иран үкіметінің Шетелдік туристерді тартудағы жеңілдететін саясаттарына тоқталып: «Иран біржақты немесе екі жақты түрде 40-тан астам елмен визасын жойды. Бұл елдерге Түркия, Индонезия, Қазақстан, Оман және Тунис (екі жақты) және Өзбекстан (біржақты) кіреді»,- деп айтты.

Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрлігі Шетелдік туризмді маркетинг және дамыту басқармасының бас директорының айтуынша, қауіпсіздік және дипломатиялық себептермен шектеулер енгізген шектеулі елдерді қоспағанда, басқа туристер Иран әуежайларында оңай виза ала алады.

 

Иранофобияға халықаралық шаралар арқылы қарсы тұру

Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрлігі Шетелдік туристік маркетинг және даму басқармасының бас директоры халықаралық шаралардың теріс пиғылды бейтараптандырудағы рөліне тоқталып: «Экспо» және «Бизнестен бизнеске» (B2B) сауда іс-шаралары сияқты көрмелер өткізу Иранның шындықтарын әлемге таныстырудың ең тиімді шешімдерінің бірі болып табылады»,- деді.

Шоджаи 120-дан астам шетелдік туроператордың қатысуымен өткен жақында өткен «Бизнестен бизнеске» шарасына тоқталып: «Бұл туроператорлар Иранда болу және әлеуметтік желілерде өздерінің оң тәжірибелерін көрсету арқылы әлемге Иранның серпінді және қауіпсіз туризмінің шынайы бейнесін көрсетті»,-деді.

Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрлігі Шетелдік туризмді маркетинг және дамыту басқармасының бас директоры жеке сектордың осы шараларды өткізудегі рөлін жоғары бағалай отырып: «Үкімет дұрыс саясат жасау және туризм белсенділеріне қолдау көрсету арқылы туризм саласын күшейтіп, дұшпандардың қастандықтарын залалсыздандыруға ұмтылуда. ИИР өзінің бай мәдени, тарихи және табиғи әлеуетіне сүйене отырып, әрқашан жаһандық туристер үшін қауіпсіз әрі тартымды орын болды және бола береді»,-деді.