Неліктен Батыс Иранда уран байыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі?
(last modified Wed, 21 May 2025 11:02:06 GMT )
Maм 21, 2025 17:02 Asia/Almaty
  • Неліктен Батыс Иранда уран байыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі?

ParsToday: Уран байыту, тек техникалық қызмет емес. Керісінше, бұл ерік-жігердің тестісі, ал АҚШ және оның одақтастары Иран осы салада толық жеңіске жетсе, басқа елдер осы модельді ұстанатынын біледі.

ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мехр ақпарат агенттігі Ислам революциясы жетекшісінің сейсенбі күні қызмет шәһидтерін еске алу рәсімінде жасаған мәлімдемелерінің бір бөлігіне сілтеме жасап: «Аятолла Хаменеи анық және батыл сөзімен  «Иранның уранды байытуына жол бермейміз деу үлкен қателік. Тағы бір жағдайда халыққа олардың кран байытк мәселесіне шоғырлануының себебі мен мақсаты қандай екенін айтамын» деді»,- деп жазды. 

Бұл мәлімдемелер АҚШ пен оның одақтастары, әсіресе соңғы жылдары Ирандағы уран байыту мәселесіне ерекше сезімталдық танытып отыр және неліктен АҚШ президентінің Иранмен жанама ядролық келіссөздердегі өкілі уран байытуды Вашингтон үшін қызыл сызық деп жариялайды деген сауалға тағы да қоғам назарын аудартты? Бұл сезімталдық жай ғана техникалық ма, әлде тереңірек мүдделер мен мақсаттарға негізделген бе?

 

Уран байыту - ұлттық биліктің және стратегиялық тәуелсіздіктің символы

Уран байыту технологиясы әлемдегі «қос мақсатты» технологиялардың бірі болып табылады; Бұл оның бейбіт мақсатта да (электр қуатын өндіруде, радиофармацевтикада, ядролық кемелерде және т.б.) қолданылуын және саяси ерік болса, оны қару-жарақ жолына қоюға болатынын білдіреді, дегенмен бұл жағдайда Иран әртүрлі саяси деңгейде бұл технологияның әскери емес екенін бірнеше рет атап өтті. Осы себепті, бұл технологияға ие елдер, бір жағынан, технологиялық державалар клубына кіреді. Америка Құрама Штаттары Иранның мұндай жағдайда қалуын қаламайды, өйткені Иранның жергілікті байытуға қол жеткізуі Батыс үстемдік ететін халықаралық тәртіптің белгіленген қызыл сызықтарын кесіп өтуді білдіреді. Бұл Вашингтон шенеуніктерінің мұндай көзқарасты қабылдауының ең айқын себебі.

 

Иранның ядролық қажеттіліктерін пайдалану

Уран байыту мүмкіндігі жоқ ел реактор отынының кез келген түрі немесе бейбіт ядролық қызмет үшін Батысқа жүгінуі керек. Бұл тәуелділікке айналады дегенді білдіреді. АҚШ Иранды байытудан айыру арқылы тұрақты қысым тұтқасын сақтауға тырысуда. Келіссөздер немесе дағдарыс туындаған сайын Батыс жанармай беруге немесе санкцияларды тоқтатуға уәде беру арқылы жеңілдіктерге қол жеткізе алады.

 

Иранның тәуелсіз елдерге үлгі болуынан қорқу

Маңызды және азырақ жарияланатын себептердің бірі – Батыстың Иранның басқа елдерге үлгі болатынынан қорқуы. Ішкі қуатқа сүйеніп, ауыр саяси, санкциялар мен қауіпсіздік қысымдарына тап болған дамушы ел байыту сияқты сезімтал әрі озық технологияға қол жеткізсе, басқа елдер де сол жолды ұстанады. Шындығында Американың қарсылығы тек өзін байыту емес, оның саяси және символдық жолдауында, яғни, «Америкаға қарсы тұрып, ілгерілеуге болады» деген хабар.

 

Болжалды қауіпсіздік мәселелері және Батыс қоғамдық пікірін басқару

Иран ядролық қаруға ұмтылмайтынын бірнеше рет атап көрсеткенімен және Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің қайталанған есептері қандай да бір ауытқулардың барын растамағанымен, Америка Құрама Штаттары «қауіпсіздіктің екіұштылығын» тудыру арқылы қысым көрсету үшін тұрақты сылтау жасады. Бұл екіұштылықты Америка Құрама Штаттары ел ішінде де (қоғамдық пікірге Иранға қарсы саясатты ақтау үшін) және халықаралық деңгейде Иранға қарсы консенсус құру құралы ретінде пайдаланады.