Иран «Шын уәде 3» екінші кезеңінде сионистік режимге қандай соққылар берді?
ParsToday - Иран Ислам Республикасының Қарулы Күштері "Шын уәде 3" алтыншы толқынын орындағаннан бірнеше сағаттан кейін сенбі күні кешке басып алынған жерлерге ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандық шабуылдардың кезекті кезеңін бастады.
Иранның Қарулы күштерінің жоғары дәрежелі қолбасшылары, танымал ғалымдары мен жазықсыз азаматтары, әсіресе балалардың шәһид болуына әкеліп соқтырған сионистік режимнің бұл елдің аймақтарына жасаған басқыншылық әрекеттеріне жауап ретінде Иран Ислам Республикасы жұма күні кештен бастап басып алынған жерлерге (Израильге) қарсы шабуылын бастады. Бұл шабуылдардың соңы әлі жарияланған жоқ.
Бұл мақалада Иранның басып алынған жерлерге ұшқышсыз ұшақ-зымырандық шабуылының екінші кезеңін қарастырамыз.
Теһран уақыты бойынша 23:30 шамасында
Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен байланыс бөлімі мәлімдемеде: «Сенбі күні кешке Сақшылар корпусының аэроғарыш күштері Израильдің жаңа шабуылдарына жауап ретінде «Уа, Али ибн Әби Талиб» кодтық атымен аталатын «Шын уәде 3» жаппай біріктірілген зымыран-ұшқышсыз ұшақ шабуылының жаңа толқынын бастады»,- деп жариялады.
Сағат түнгі 12 шамасында
Бастапқы хабарлар Иранның ондаған зымырандары мен ұшқышсыз ұшақтарының Израиль режимі қорғанысының бірнеше қабаттарынан сәтті өтіп, әртүрлі аймақтарға соққы бергенін көрсетеді. Кейбір мәліметтерде Иранның зымырандары Тель-Авив, Нетанья, Герцлия, Хайфа, Тамра, Ашдод және Кериотқа тиіп, жаппай өртке себеп болғанын көрсетеді. Израильдік БАҚ Иранның бір ғана Хайфаға 40 зымыран жібергенін хабарлады.
Сағат 00:15
Иран зымырандары Израиль режимінің ең маңызды энергетикалық инфрақұрылымдарының бірі, режимнің бензинінің 40% және дизель отынының 60% қамтамасыз ететін Хайфа мұнай өңдеу зауытына тиді. Израильдік БАҚ жариялаған суреттер зымырандардың осы негізгі нысанға дәл тигенін көрсетеді. Бұған қоса, Иранның бірнеше дәлдіктегі зымырандары Израильдің маңызды энергетикалық нысандарына тиді. Бұл шабуылдар оккупацияланған аумақтардың орталық аймақтарындағы электр тарату желісінің кең ауқымда бұзылуына және режимнің өмірлік маңызды инфрақұрылымының бір бөлігінің істен шығуына әкелді.
Сағат түнгі 1 шамасында
Аймақтық ақпарат құралдарының хабарлауынша: Иранның дәл басқарылатын отыз зымыраны түнде Хайфаны нысанаға алды. Хайфа мұнай өңдеу зауыты (Израильдің бензин өндіру орталығы), өнеркәсіптік және порт инфрақұрылымы, бірнеше 20 қабатты тұрғын үй мұнаралары мен электр станциясы Иранның нысанаға алған нысандарының бірі болды.
Сондай-ақ еврей БАҚ: «Әуе қорғанысы күтпеген жерден алынды; министрлер кабинеті қауіпсіздік күйзелісі жағдайында» деп хабарлады. Бұл сионистік режимнің тереңіндегі ең ауыр тікелей шабуылдардың бірі. Сионистік «Маарив» газеті: «Қазір біз Израиль тарихындағы ең ауыр шабуылдарға ұшырадық; премьер-министр Нетаньяху қайда? »- деп жазды.
Сағат түнгі 2 шамасында
Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен байланыс бөлімі екінші хабарландыруы: «Шын уәде 3» біріккен шабуыл операциясының жалғасында сионистік режимнің бүгінгі зұлымдықтары мен басқыншылықтарына жауап ретінде режимнің жойғыш ұшағы, жанармай өндіретін нысандары мен энергиямен қамтамасыз ету орталықтары көптеген ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандармен нысанаға алынды. Ислам республикасы қарулы күштерінің шабуыл операциялары бұдан да кеңірек жалғаса беретін болады».
Сағат таңғы 3 шамасында
«Шын уәде 3» екінші кезеңінің үшінші толқыны Иранның басып алынған Палестинаға (Израильге) зымырандық және ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасауымен басталды және Израиль ақпарат құралдары Тель-Авивті қатты жарылыстардың дүр сілкіндіргенін хабарлады.
Израильдік БАҚ Иранның осы шабуылдар толқынында 50 баллистикалық зымыран атқанын хабарлады. Еврей ақпарат құралдары Нетаньяхудың «Иранға апаратын жол енді ашылды» деген мәлімдемесін келеке етіп: «Израильдің орталығына апаратын жол енді ашылған сияқты» деді.
Иранның шабуылдары күшейе ме?
Иранның жоғары лауазымды қауіпсіздік қызметкері «Әл-Жазира» телеарнасына берген сұхбатында Иран Ислам Республикасының ұзақ мерзімді текетіреске дайындалып жатқанын және агрессия жалғасқан жағдайда шабуылдарының деңгейін арттыратынын хабарлады.
Лауазымы аталмаған қызметкері: «Теһран соғысты бастаған жоқ, бірақ бұл агрессияның қашан аяқталатынын біз анықтаймыз»,- деді.
Иран қызметкері Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бастаған соғыстың нәтижесі оның үкіметі мен саяси жүйесінің аяқталуынан кем болмайтынын баса айтты. Ол сөзін жалғастырды: «Біз өз ұлтымыз бен елімізді израильдік айуандықтан қорғаймыз және осы жолды жалғастырамыз».