Арақчи европалықтарға: Иран Израиль мен АҚШ жойып жіберген келіссөздерге қалай қайтып оралады?
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i80872
ParsToday - Иранның Сыртқы істер министрі европалықтарға арналған жолдауында: «Иран Израиль мен АҚШ жойып жіберген келіссөздерге қалай қайтып оралады?»
(last modified 2025-06-22T17:15:36+00:00 )
Маусым 22, 2025 22:13 Asia/Almaty
  • Арақчи европалықтарға: Иран Израиль мен АҚШ жойып жіберген келіссөздерге қалай қайтып оралады?

ParsToday - Иранның Сыртқы істер министрі европалықтарға арналған жолдауында: «Иран Израиль мен АҚШ жойып жіберген келіссөздерге қалай қайтып оралады?»

Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи  Европа елдерінің барлық жақтарды келіссөздер үстеліне қайтару туралы сұранысына реакция білдіріп: «Иран Израиль мен АҚШ жойып жіберген келіссөздерге қалай қайтып оралады?» деді.
ParsToday мәлімезтінше, Арақчи: «Өткен аптада, біз АҚШ-пен келіссөз жүргізіп жатқанда Израиль дипломатияны жою шешім қабылдады. Бұл аптада, біз Еуропаның үштік тобы (E3) және Еуропалық одақпен келіссөз жүргізген кезде, АҚШ дипломатияны жою шешім қабылдады. Осы жағдайдан қандай қорытынды шығаруға болады? Британия мен Еуропалық одақтың сыртқы саясат жөніндегі жауапкерінің пікірінше, Иран келіссөздер оралады керек. Бірақ Иран ешқашан шықпаған келіссөздерге қалай қайтып оралады?
АҚШ-тың бүгін таңғы уақытта, яғни 22 маусымда, Форду, Натанз және Исфахан ядролық нысандарвна шабуыл жасап, Нетаньяхудың Иранға қарсы соғысына қосылды.
Осы қадамнан кейін, Иранның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи өз мәлімдесінде: «Біріккен Ұлттар Ұйымының  Жарғысына сәйкес, Иран өз егемендігін, мүдделері мен халқына қорғау үшін заңды жауап беру мүмкіндігін қолданады», -деп басп айтты.
Иран Атом Қуаты ұйымы да мәлімдемесінде елдің Форду, Натанз және Исфахан ядролық объектілеріне халықаралық заңдар, әсіресе Ядролық қарудың таралуына тыйым салу келісімімен (NPT) қайшы келетін  шабуылдар жасалғанына тоқталып,  былай деді: «Біз бұл ұлттық саланың дамуы жолын тоқтатуға рұқсат бермейміз».