Сақшылар корпусы Бас қолбасшысы болған Құран хафизы; Генерал Салами туралы не білесіз?
ParsToday - Ислам революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Хұсейн Салами үш тілін меңгерумен қатар Құран мен Наһжул-Балағаны жатқа білетін.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы генерал Хұсейн Салами сионистік режимнің 2025 жылы 13 маусымда Теһрандағы Иранның кейбір әскери және ядролық нысандарына жасаған шабуылында шәһид болды. ParsToday бұл мақаласында генерал Саламидің өмірбаянына шолу жасайды.

Туу және білім алу
Сардар Хұсейн Салами 1960 жылы Иранның Исфахан облысы Голпайганның Ваншан ауылында дүниеге келген. Бастауыш және орта білімін Голпайганда аяқтап, ұлттық қабылдау емтиханын тапсырып, 1978 жылы Теһран Ғылым және технология университетінің механика факультетіне қабылданды.
Шәһид Хұсейн Саламидің Теһранда университетте білім алуы Пехлеви режиміне қарсы Ислам революциялық қозғалысының қызу кезеңіне сәйкес келді. Хұсейн Салами де осы кеңістікте күресшіл студенттер қатарына қосылды. Ислам революциясының жеңісімен 1980 жылдың қыркүйегінде БААС режимі Иранға шабуыл жасағанға дейін біраз уақыт халық комитеттерінде жұмыс істеді. Сол жылдың қараша айында Ислам революциясы Сақшылар корпусына қосылып, Иран Күрдістанына, содан кейін елдің оңтүстік-батыс майдандарына аттанды.
Сегіз жылға созылған Иран-Ирак соғысы аяқталғаннан кейін генерал Салами командалық-штаб жоғары оқу орының тәмамдап, Ислам Азад университетінде қорғаныс менеджменті магистрі дәрежесін алды. Генерал Хұсейн Салами Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшылық-штаб университетінің сабақ берген кезінде Ғылым және технология университетін аяқтады және Иран Ұлттық қорғаныс университетінің оқытушысы болған. Салами сондай-ақ Құран мен Наһжул-Балағаны жатқа білетін, араб, ағылшын және француз тілдерін жетік меңгерген.

Жауапкершіліктер
Иран-Ирак БААС соғысы кезінде генерал Салами 25-ші Кербала дивизиясында, 14-ші Имам Хусейн дивизиясында және Нұх теңіз базасында әртүрлі әскери міндеттерді атқарды.
1992 жылдан 1997 жылға дейін және 1997 жылдан 2005 жылға дейін жоғары соғыс кезеңінің негізін қалаушы және қолбасшысы Салами Сақшылар корпусының Біріккен штабының әрекеттері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
- Оның басқа да міндеттеріне 2005 жылдан 2009 жылдың 4 қазанына дейін Ислам революциясы Сақшылар корпусы Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы,
- Иранның Жоғары ұлттық қорғаныс университетінің ғылыми кеңесінің мүшесі,
- 2009-2019 жылдары Ислам революциясы Сақшылар корпусы Бас қолбасшысының орынбасары,
- 2018 жылдың маусымынан тамызына дейін Ислам революциясы Сақшылар корпусы үйлестірушісінің орынбасары қызметін атқарды,
- 2019 жылдың 21 сәуірінен 2025 жылдың 13 маусымына дейін Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы
- бұл оның басқа да міндеттерінің бірі болды.

Қарсыласу майданын қолдау
Генерал Салами Израильді. заңсыз режим деп санап, Хизболла мен Хамас сияқты қарсыласу топтарын қолдады. ДАИШ лаңкестік тобын жеңу және Иран жерінен Израиль режиміне алғашқы зымырандық шабуылдар оның Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшылығы кезінде болды.

Санкция
2020 жылдың 12 сәуірінде Еуропалық Одақ генерал Хұсейн Саламиді санкциялық тізімге енгізді. Генерал Салами бұл әрекетке реакциясы ретінде Ислам революциясы Сақшылар корпусының санкциялық тізімге енгізілген қолбасшыларын құттықтап: «Дұшпандар өздерінің зұлымдық пен жексұрын әрекеттерінің салдарын келешекте және әрекет алаңында жақсырақ және айқынырақ түсінетініне күмән жоқ»,- деді.

Шәһид болу
Ислам революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы генерал Хұсейн Салами 2025 жылы 13 маусымда сионистік режимнің Теһрандағы Иранның кейбір әскери және ядролық нысандарына жасаған шабуылында шәһид болды және 28 маусым, сенбі күні Теһранда жерленеді деп жоспарлануда.