Әлемдік ақпарат құралдарының тақырыбы; Израиль басқыншылығынан шәһид болғандармен тарихи қоштасу рәсімі
ParsToday – Израиль режимі мен АҚШ таңыған соғыстың 60 шәһидін, олардың ішінде әскери қолбасшылар мен ядролық ғалымдармен қоштасу рәсіміне мыңдаған ирандықтардың қатысуы әлемнің ең ірі ақпарат құралдарының реакциясы мен мойындауына себеп болды.
ParsToday хабарлауынша, Иран мен ирандықтар тағы да дүние жүзіндегі көптеген ақпарат агенттіктерінің тақырыбына айналды. Ирандықтар тағы сахнаға шығып, басқыншыға әрқашан қарсы тұруымен бірге, шәһидтерінің, ұлы қолбасшыларының, ядролық ғалымдарының қаның құрметтейтінін көрсетті.

Түркияның TRT телеарнасы егжей-тегжейлі хабарында қоштасу рәсімін тарихи деп атап, жерлеудің уақыты мен орны, сондай-ақ рәсімге Иран қайраткерлерінің, олардың ішінде ИИР президенті Масуд Пезешкианның қатысуына тоқталды.
France 24 сионистік режимнің Иранға қарсы басқыншылығының шәһидтерімен қоштасу рәсіміне мыңдаған ирандықтың қатысуына тоқталып: «Бұл рәсімде генерал Салами, генерал Хаджизаде және генерал Бақери сияқты жоғары дәрежелі қолбасшылармен қоштасу өтті», -деп хабарлады.
CNN Иран халқының шәһидтермен қоштасуға бір ауыздан қатысуын көрсетеен басқа ақпарат құралдарының бірі болды.

Associated Press агенттігі де рәсімге мыңдаған ирандықтардың қатысуын атап өтті. Ресейлік БАҚ-тар рәсімнің өтуіне және оның басқа да ақпарат құралдарда көрсетілуіне тоқталды.
Бұл рәсім көптеген араб ақпарат құралдарында да жарияланды.
Al Jazeera телеарнасы рәсімнің бір бөлігін тікелей эфирде көрсетті. Әл Арабия Израильдің Иранға қарсы агрессиясының шәһидтерін қоштасу рәсімі туралы айтқан басқа ақпарат құралдарының қатарында болды.

Сионистік режим Иран жеріне жасаған шабуылында осы елдің бірқатар танымал қолбасшылары мен маңызды ядролық ғалымдарын, соның ішінде Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал Саламиді шәһид етті.
Израиль режимі Иранның ғылыми және әскери қайраткерлерін шәһид етіп, бұл елге қарсы шабуылында жеңіске жетуіне жол ашуға тырысты, бірақ мақсаттарына жете алмады; сарапшылардың пікірінше, ол Ираннан ауыр соққы алды.
Иран зымырандары басып алынған жерлердің (Израильдың) үлкен бөлігін, соның ішінде Тель-Авив пен Хайфаны қирандыға айналдырып, мыңдаған сионистік қоныстанушыларды эмиграцияға мәжбүр етті.
12 күннен кейін Израиль режимі ақыры атысты тоқтатуды жариялауға мәжбүр болды, бірақ оның шабуылдары ирандықтардың бірлігін жүз есе нығайтып, өз жерін қорғау табандылығын одан сайын арттырды.