Венесуэланың «Симон Боливар» сыйлығы ИИР Телерадио бірлестігі жүргізушісіне сый етілді 
(last modified Sun, 29 Jun 2025 09:42:50 GMT )
Маусым 29, 2025 15:42 Asia/Almaty
  • Венесуэланың «Симон Боливар» сыйлығы ИИР Телерадио бірлестігі жүргізушісіне сый етілді 

ParsToday - Венесуэла президенті «Симон Боливар» сыйлығымен хабар тарату арнасының жүргізушісі Сахар Эмамиді және Израильдің Иран Телерадио бірлестігінің хабар тарату ғимаратына жасаған шабуылында шәһид болғандарды марапаттады.

Үстіміздегі жылдың 16 маусымы, дүйсенбі күні сионистік режимнің Иранның Телерадио бірлестігінің ғимараттарының біріне жасаған адамгершілікке жатпайтын шабуылы кезінде Сахар Эмами ханым қатерлі жағдайға қарамастан тікелей эфирін жалғастырып,  Иран халқының қарсыласуы мен табандылығы туралы хабарды әлемдіктерге жеткізді.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ұлттық журналистер күні Венесуэла президенті Николас Мадуро Сахар Эмами мен сионистік басқыншылардың Иран Ислам Республикасының хабар тарату ғимаратына жасаған аяусыз шабуылының шәһидтеріне арнайы «Симон Боливар» сыйлығын табыс етті.
Иран Ислам Республикасының Венесуэладағы елшісі Әли Чегини Венесуэла президентінің қолынан «Симон Боливар» сыйлығын Эмами ханым мен БАҚ шәһидтерінің отбасы атынан алды.
Венесуэла президенті журналистер, тілшілер, жазушылар, ақпарат құралдары және ел қайраткерлері қатысқан басқосуда Иран халқы, басшылығы, үкіметі және қарулы күштерінің қарсыласуын мадақтап, сионистік режим мен Америка Құрама Штаттарының айыптады және көпшіліктің қолдауына ие болған Иран халқының шешуші жеңісін қуаттады. 
Бұл бағдарлама бір мезгілде Венесуэланың бірнеше арналарында тікелей көрсетілді.