Майдан шебін бұзған снайперден «Хайбершекан» зымырандарға дейін: Сардар Хаджизаде кім болды?
ParsToday - Шәһид генерал-майор Амирали Хаджизаде ИИР-ның көрнекті және ықпалды әскери қайраткерлерінің бірі саналды. Ол зымырандық және аэроғарыштық салада Иранның қорғаныс қабілетін нығайтуда даусыз рөл атқарды.
Генерал Амирали Хаджизаде сионистік режимнің 2025 жылы 13 маусымда Иранның кейбір әскери, ядролық және тұрғын үй нысандарына жасаған шабуылында шәһид болды. ParsToday өз мақаласында генерал Хаджизаденің өмірбаянына шолу жасайды.

Туған жері
Амирали Хаджизаде 1961 жылы 18 мамырда Теһранда дүниеге келген. Оның отбасы Иранның Казвин облысының Хоррамдашт қаласынан болған. Әкесі құрал сатушы және өнеркәсіп құралдарын жөндеуші, ал анасы үй шаруасындағы әйел болған. Хаджизаде үйленген және үш балалы болған.

Білім және Қасиетті қорғанысқа қатысу
Хаджизаде әскери басқару немесе аэроғарыш саласына қатысты салада оқыды. 1980 жылы Ирак Баас режимінің Иранға қарсы таңылған соғысының басталуымен ол небәрі 19 жасында ерікті Басидж және Сақшылар корпусы күштерінде ретінде бірден майдан шебіне аттанды. Соғыстың алғашқы айларында шектеулі әскери дайындықтан өткеніне қарамастан, далалық зеректігі, қарапайым техникалық істерді жетік меңгергендігі, ұжымшылдық қабілеті жоғары болғандықтан, взвод командирі болып тағайындалды. Оның осы кезеңдегі міндеттеріне жергілікті қарсыласу топтарын үйлестіру, алдыңғы қатардағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кейде түнде барлау патрульдерін басқару кірді. Таңылған соғыс кезінде Амирали Хаджизаде Қасиетті қорғаныстың кейбір маңызды операцияларында Сақшылар корпусы құрамында шеп бұзушы мерген ретінде белсенді рөл атқарды.

Иран зымыраны әкесінің шәкірті
Таңылған соғыс аяқталғаннан кейін Амирали Хаджизаде мамандандырылған жолға түсіп, Сақшылар корпусының аэроғарыш бөліміне түсті. Ол зымыран саласындағы мансабын бастады және Иранның зымырандық бағдарламасының әкесі шәһид Хасан Теһрани Моқадамның шәкірті ретінде бірнеше жылдар бойы елдің сезімтал және стратегиялық зымыран орталықтарында рөл атқарды.

Жауапкершіліктер мен жетістіктер
Хаджизаде Сақшылар корпусы құрылымында әртүрлі жауапты қызметтерді атқарды. Олардың ішінде Сақшылар корпусының Зымыран қолбасшылығында операциялардың басшысы, Сақшылар корпусының Әскери-әуе күштерінің Жауынгерлік инженерлік бөлімшесінің қолбасшысы, Әуе қорғанысының қолбасшысы, Шәһид Монтазери базасындағы Сақшылар корпусының зымырандық қолбасшылығының негізін қалаушы және Аэроғарыш күштерінің бірінші қолбасшысы болды.
Ол Сақшылар корпусы Аэроғарыш күштерін басқару кезінде Иранның қорғаныс және әскери мүмкіндіктерін дамытуда маңызды рөл атқарды.
Ирандағы лаңкестік операциялардан кейін ДАИШ лаңкестік тобының Дейр-эз-Зордағы командалық орталығына жасалған шабуылға қолбасшылық ету, генерал Қасым Сүлейманиді террор етуге жауап ретінде Ирактағы АҚШ-тың Айн әл-Асад базасына жасалған шабуылды басқару, Иранның «Нур-1» атты алғашқы әскери жер серігін ұшыру, «Шын уәде 1» және «Шын уәде 2» операциялары кезінде басып алынған жерлерге (Израильге) қарсы зымырандық шабуылға қолбасшылық ету, гипер дыбыстық «Фаттах» және «Фаттах 2» зымырандарын әзірлеу және таныстыру, қорғаныс жүйелерін жаңарту және электронды және кибер соғысты дамыту, ұшқышсыз ұшақтар мен жауынгерлік ұшқышсыз ұшақтарға арналған қару технологиясын дамыту оның кейбір әрекеттері мен жетістіктері.

«Фатх» (Жеңіс) орденімен марапатталу
2024 жылдың 6 қазанында аятолла Хаменеи салтанатты шара барысында Ислам революциясы Сақшылар корпусы Аэроғарыш күштерінің қолбасшысы генерал Хаджизадеге «Фатх» орденін табыс етті. Марапат «Шын уәде» сәтті операциясы үшін берілді.

Шәһид болуы
2025 жылы 13 маусымда таң сәріде Ислам революциясы Сақшылар корпусы Аэроғарыш күштерінің қолбасшысы генерал Хаджизаде сионистік режимнің исламдық Иранға жасаған шабуылында шәһид болып, Теһрандағы Бехешт Захра зиратына жерленді.