Сейед Аббас Арақчи: Иранның уранды байыту және зымырандық бағдарламасы жалғасуда
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i81028
ParsToday - Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Францияның Le Monde басылымына берген егжей-тегжейлі сұхбатында Иранның уранды байыту және зымырандық бағдарламасының жалғасуына тоқталып: «Теһран әрқашан абырой, логика және өзара құрметке негізделген принципті келіссөздерді қолдайтынын көрсетті»,- деді.
(last modified 2025-07-16T16:03:22+00:00 )
Шіл 11, 2025 20:04 Asia/Almaty
  • Сейед Аббас Арақчи: Иранның уранды байыту және зымырандық бағдарламасы жалғасуда

ParsToday - Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Францияның Le Monde басылымына берген егжей-тегжейлі сұхбатында Иранның уранды байыту және зымырандық бағдарламасының жалғасуына тоқталып: «Теһран әрқашан абырой, логика және өзара құрметке негізделген принципті келіссөздерді қолдайтынын көрсетті»,- деді.

ParsToday ақпарат агенттігінің Иран Телерадио бірлестігінің агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Сейед Аббас Арақчи бұл сұхбатында: «Дипломатиялық арналар арқылы байланыстар мен алмасулар әрқашан болған, қазір де дипломатиялық байланыс кейбір достас елдер арқылы немесе арағайындық арқылы орнатылуда. Диалог формасы жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Диалог Иранның сыртқы саясатының негізгі мәні болды және болып табылады. Тарихтан Иранның бұл принципті бұзған мысалын таба алмайсыз»,- деп айтты.

Иран Сыртқы істер министрі: «Дипломатия екі жақты жол, келіссөздерді бұзып, әскери агрессияға көшкен АҚШ болды. Сондықтан қателіктер үшін жауапкершілікті қабылдау маңызды, сондай-ақ әрекеттердің өзгеруінің айқын белгісін көру керек. Келіссөздердің ортасында АҚШ әскери шабуыл жасамайтынына кепілдік беру қажет»,- деп қосты.

Арақчи білім шыңына қол жеткізген ұлттың ерік-жігерінің мызғымас екеніне тоқталвп: «Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бақылауында болған және халықаралық құқық аясында әлі де жалғасып жатқан Иранның ядролық нысандарына АҚШ-тың жасаған шабуылынан кейін бұл әрекеттің нәтижесі үшін өтемақы талап ету біздің құқығымыз»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі: «Біз Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге сәйкес құқықтарымызды негізге ала отырып, уранды байытып жатырмыз және біз әрқашан әскери ниетіміз жоқ екенін айтып келдік. Қазірдің өзінде бізге шабуыл жасалып, бұзылған болса да, біз жаппай қырып-жоятын қаруды өндіруге, жинақтауға, қолдануға қарсы пәтуа қағидасына негізделген ядролық қару мәселесіне қатысты ресми саясатымыздан тайған жоқпыз»,- деп мәлімдеді.

Арақчи сондай-ақ Иранның зымырандық бағдарламасына тоқталып: «Біз Иранның зымырандық бағдарламасының тек қорғаныс және тежеу сипатында екенін бірнеше рет қайталадык. Израиль режимі мен Американың үнемі қоқан-лоққысына ұшырап, қазір олардың агрессиясымен бетпе-бет келіп отырған жағдайда, Иран қорғаныс қабілетінен бас тартады деп күтуге болмайды. Еуропа елдері өздерінің заңды қорғанысын қалай ұстанса, Иран да өзінің заңды құқығын қолданады»,- деп баса айтты.