Арақчидің ШЫҰ Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысуы неліктен маңызды?
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i81074
ParsToday - ИИР-ның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу үшін делегацияның басында Теһраннан Қытайға аттанды.
(last modified 2025-07-19T15:50:21+00:00 )
Шіл 15, 2025 18:11 Asia/Almaty
  • Арақчидің ШЫҰ Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысуы неліктен маңызды?

ParsToday - ИИР-ның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу үшін делегацияның басында Теһраннан Қытайға аттанды.

Осы сапарында Иран Сыртқы істер министрі ШЫҰ-на мүше елдердің министрлер отырысына қатысып, сөз сөйлейді, сонымен қатар Қытай Сыртқы істер министрі және отырысқа қатысушы басқа елдердің сыртқы істер министрлерімен келіссөздер жүргізіп, пікір алмасады.

Иран Сыртқы істер министрі осы сапарға қатысты: «Сионистік режимнің Иранға қарсы агрессиясы және АҚШ-тың біздің елдің ядролық нысандарына шабуылы мәселесі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің отырысында көтерілетін мәселелердің бірі болып табылады»,-деді.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтетін 25-ші отырысына қатысуы туралы Арақчи: «ШЫҰ бірте-бірте аймақтық ұйымнан жаһандық ұйымға айналуда және оның күн тәртібінде экономикалық, саяси және қауіпсіздік аспектілері сияқты әртүрлі мәселелер бар»,- деп қосты.

Иран Сыртқы істер министрі: «Бұл ұйым өз жұмысын қауіпсіздікті талқылау және лаңкестікпен күрес мәселелерімен бастады, содан кейін сауда, жасанды интеллект, цифрлық экономика, энергетика және осы салалардағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңесулерді қамтуға мүмкіндік берді»,-деп баса айтты. Арақчи сонымен қатар отырысқа қатысуын халықаралық және өзекті мәселелерді талқылау және пікір алмасу мүмкіндігі ретінде сипаттады.

Иран Ислам Республикасы 1400 (2021) жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының тұрақты мүшесі болып қабылданды. Арағчидің осы саммитке қатысуы Иранның осы ұйым аясындағы көпжақты ынтымақтастыққа табандылығын көрсетеді және Иранның Азия мен аймақтағы негізгі ойыншы ретіндегі ұстанымын бекітуге көмектеседі.

ШЫҰ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықта, терроризм мен экстремизмге қарсы тұруда, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастықта маңызды рөл атқарады. Иран Сыртқы істер министрінің осы отырысқа қатысуы аймақтық қауіпсіздікті одан әрі үйлестіруге және Батыстың біржақты санкцияларына қарсы тұруға көмектесе алады.

Басқосу аясында Арақчи Ресей, Қытай, Пәкістан және Үндістан сияқты мүше елдердің ресми өкілдерімен кездеседі. Бұл келіссөздер экономикалық және саяси қарым-қатынастарды нығайтуға әкеледі. Шанхай ынтымақтастық ұйымы көпполярлы әлемді Батыс гегемониясына қарсы нығайтудың маңызды институттарының бірі болып табылады.

Америка Құрама Штаттары мен оның сионистік режим сияқты одақтастары әрқашан Иран сияқты тәуелсіз елдерге саяси, экономикалық және әскери қысым көрсетуге ұмтылды. Шанхай ұйымымен ынтымақтастық Қытай мен Ресей сияқты тәуелсіз елдерді Иран жағына қояды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық форумдарда Иранның ұстанымдарын қорғап, Теһранға қарсы біржақты әрекеттерге тосқауыл қоя алады.

АҚШ пен сионистік режим өздерінің басқыншылық саясаттарымен Батыс Азияда тұрақсыздықты таратты. Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қосылуы күштер тепе-теңдігін құруға және Америка-сионистік осьтің аймақтағы жойқын ықпалын азайтуға көмектесуі мүмкін. Бұл ынтымақтастық Иранның ұлттық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, көп полярлы әлемдік тәртіптің орнауына және АҚШ пен оның одақтастарының үстемдігінің азаюына себеп болады.

Иран Сыртқы істер министрінің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысуы Америка Құрама Штаттары мен Вашингтонның батыстық одақтастарының ушығып бара жатқан көзқарастарына қарсы тұру үшін тәуелсіз елдердің саяси, экономикалық және әскери ынтымақтастықтарын кеңейтуді көздейді.